Шалқар ауданында ағаш көшеттері отырғызылды
Бүгін Шалқар ауданының Бас имамының ұйытқы болуымен Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешіті ауласындағы бау-бақшаға 70 тал ағаш отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке аудандық орталық мешіттің имамдары мен мешіт жамағаты бір үйдің балаларындай атсалысты.
Айта кетсек, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінен бастау алған сенбілік Хромтау мен Шалқар ауданында жалғасын тапты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































