«Нәпсі тәрбиесі» атты тағылымды кездесу өтті
Ақтөбе облысына арнайы іс-сапармен келген Түркістан облысының «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Еңлік Әбиева Ақтөбе жамағатымен жүздесті.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде өткен кездесуде сектор жетекшісі нәпсіні тәрбиелеудің маңыздылығы, жүрек тазалығы, көркем мінез қалыптастыру жолдары және мұсылман әйелдің қоғамдағы орны туралы терең мазмұнды насихат айтты.
Қасиетті Құран Кәрімнен және Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерден мысалдар келтіре отырып, әрбір жанның өзін-өзі дамытуға, рухани кемелденуге талпынуы – иманның ең әсем көріністерінің бірі екенін атап өтті.
Кездесуге қалалық мешіт жамағаты мен қала тұрғындарынан жиналған 200-ден астам қыз-келіншек қатысып, өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.
Шара қорытындысында ел амандығы үшін дұға жасалды. Жамағат ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































