«Мешітте екінші рет жамағат ретінде намаз оқудың үкімі» атты пәтуа таныстырылды
Ақтөбе облысы бойынша қараша айының кезекті «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.
Имамдар мен ұстаздар жұма намазынан кейін жиналған жамағатқа «Мешітте екінші рет жамағат ретінде намаз оқудың үкімі» атты пәтуаны жан-жақты жіті талқылап, таныстырылды.
Қорытынды шешім:
1. Бірінші жамағат секілді оқымаса және бүлік шығармаса немесе әдейі бірінші жамағаттан қалып қоймаса рұқсат.
2. Алайда, екінші рет жамағат болып оқу намаз оқу алауыздыққа, мешіт тәртібін бұзуға апаратын болса рұқсат емес.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































