Мешіт азаншысы «Уақып — сарқылмас қазына» тақырыбында сұхбат берді
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің азаншысы, Ақтөбе облысы өкілдігінде «Уақып» бөлімінің жауапты маманы Жарасқан Әбдісаламов «Рика» телеарнасында қонақ болды.
Мешіт азаншысы «Кәусар» бағдарламасында «Уақып — сарқылмас қазына» тақырыбында сұхбат берді.
Бағдарлама барысында Ислам тарихындағы ең алғашқы уақып, жалпы уақып дегеніміз не?, Қазақ зиялыларының уақыпы туралы және садақа мен зекеттен айырмашылығы туралы айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































