«Ұлттық құндылықтар — ел тірегі» атты интеллектуалды сайыс өтті
Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында «Ұлттық құндылықтар — ел тірегі» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Дода барысында мешіт шәкірттері білімдерін ортаға салып, сынға түсті.
Шараға «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы және РАТТ мүшесі Ербол Ахметов қазылық етіп, жүйріктерді анықтады.
Асыл дініміз тал бесіктен көр бесікке дейін білім ізденуге шақырады. Сондықтан да жастарымыз әрдайым ізденісте болып, алған ілімдерін ортаға салуы маңызды. Осы орайда аталған сайыс, жастар жамағатына бір рухани серпіліс сыйлап, шыңдай түсті.
Сайыс қортындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































