Әйел ұстаздарға арналған семинар өтті 4875

Әйел ұстаздарға арналған семинар өтті

25 September 2025 99 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешіті мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен әйел ұстаздарға арналған семинар өтті. Бұл басқосу дін жолындағы ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттырып, қоғамда дұрыс діни түсінікті қалыптастыруға бағытталды.

Семинарға арнайы қатысқан РАНТ мүшесі, PhD доктор, «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің профессоры, елімізге танымал ұстаз Шәмшат Әділбаева құнды ойларымен бөлісті. Ол дін мамандарына жат ағым өкілдерімен жұмыс барысында қандай әдістемелерді басшылыққа алу қажеттігін жан-жақты түсіндірді. Әсіресе, халыққа дұрыс діни ақпаратты жеткізуде ұстаздардың ілімді де жұмсақ тәсілдерге жүгініп, сабырлы насихат жүргізудің маңызына тоқталды.

Сонымен қатар ұстаз Шәмшат Әділбаева діни ағартушылық жұмыста тек теориялық біліммен ғана емес, практикалық тәжірибемен де қаруланудың қажеттігін атап өтті. Қатысушылар өз кезегінде көкейдегі сауалдарын қойып, пайдалы кеңестер алды.

Семинар әйел ұстаздар үшін рухани серпіліс болып, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға тың серпін берді. Ұйымдастырушылар мұндай семинарлар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі