«Ислам лигасы» турнирі өтті 4878

«Ислам лигасы» турнирі өтті

26 September 2025 119 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің мұрындық болуымен ауданның 90 жылдық мерейтойының аясында ерлер арасында шағын футболдан «Ислам лигасы» турнирі өтті.

Мешіт жамағатының ынтымақ пен бірлігін арттыру және бұқаралық спортты насихаттау мақсатында өткен турнирге 6 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

Теңбіл доп додасының нәтижесінде ІІІ орынды «Нұр» мешіті, ІІ орында «БЖСМ жастары», І орынды «Хромтау жамағаты» командасы ие болды. Ал «Төтенше жағдайлар бөлімі» командасы арнайы жүлдеге иегері атанды.

Жарыс жеңімпаздары «Болашақ жолы» ҚБ тарапынан қаржылай сыйлықпен және кубокпен марапатталды. Сондай-ақ турнир барысында үздік ойын көрсеткен ойыншыларға арнайы жүлделер берілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі