Қала мешіттеріне арналған жылдық қорытынды жиын өтті
Ақтөбе қаласы мешіттерінің имамдары қаланың Бас имамы Алмат Әлиге ҚМДБ-ның 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес 4 бағыт, 27 бөлім бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайлы есеп тапсырды.
Жиналыста жалпы 12 имам және әйел-қыздар секторы бойынша 6 ұстаз өз бағыттары бойынша жүргізілген шаралар мен нәтижелерді таныстырды.
Баяндамаларда мешіттердің діни-ағартушылық қызметі, әлеуметтік және қайырымдылық жұмыстары, жастармен жұмыс, отбасылық құндылықтарды насихаттау, уағыз-насихат бағыттары бойынша жетістіктер мен алдағы жоспарлары қамтылды.
Жиын қорытындысында Ақтөбе қаласының Бас имамы жыл бойы атқарылған жұмыстарды бағалап, оң нәтижелерді атап өтті. Сонымен қатар кемшілік тұстарға тоқталып, алдағы уақытта назар аудару қажет мәселелер мен ескертпелерді талдады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі














































