Сұрақ: Әссәләму алейкум!

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сәресі мен ауызашар дастарқаны жайлы айтып берсеңіздер. Сәресіне қандай тамақ жеген, қандай тамақпен аузын ашқан?

Сұрақ: Егер адам аузы берік екендігін ұмытып ішіп-жесе, оразасы бұзылады ма?

Сұрақ: Менің дәретке қатысты мынадай күдігім бар. Ауыз шайған кезде аз ғана мөлшердегі су сілекеймен араласып, тамақтан өтіп кеткендей болып көрінеді. Бұл оразаны бұзады ма?

Сұрақ: Әссәләму әлейкум!

Отбасыммен пәтер жалдап тұратындықтан, әдетте бір жылда бір рет ауыстырып жатамыз. Сонда, кезекті пәтерге көшіп келгенде бей-жай түстер көріп мазасыздық сезінеміз. Осындайда оқылатын дұға бар ма?

Сұрақ: Әссәләму алейкум!

Апаларымыз ауылдағы үй ішінде адыраспан түтетіп, бөлмелерді аластап жататын. Ол кезде еш мән бермейтінбіз. Бүгінде «анау болмайды», «мынау болмайды» деген сөздер көбейіп кетті. Соның бірі осы адыраспанды түтетуге қатысты. Жалпы бұл амалдың шариғаттағы үкімі қандай, білсем деп едім.

Сұрақ: Әссәләмуалейкум! Үйдегі кішкентайлар нанды жүріп жейді, содан әр жерге қиқымы шашылып, құмырсқа қаптап кетті. Соны өлтіруге болады ма?

Сұрақ: Әссәләму алейкум! Мешіттерде намаз біткен соң қол беріп амандасу үрдісі бар. Әрине, ешбір әбестігі жоқ сияқты. Қала берсе, қазақи дәстүрге де келетін тәрізді. Бірақ, бұл – бидғат деген жайтты да құлағым шалып қалды. Осы мәселенің шариғи тұрғыда жөнін айтып, түсіндіріп өтсеңіз. Өз басым, мешіт имамдарын тыңдаймын, құрметтеймін. Алайда, сауалымды басқаларға да пайдалы болса екен деп жолдаудамын, қызметтеріңізге сәттілік.

Сұрақ: Әссәләму алейкум!

Мешітте намаз оқып тұрған жамағат келесі ракағатқа тұрар алдын шамалы отырып, сосын тұрып жатады. Бұл қандай амал, үкімі не?