Сиқырды тамашалаудың соңы – оны растап әрі құптауға септігін тигізетіні сөзсіз. Хадисте: «Кімде-кім көріпкелег немесе балгерге барып, оның айтқанын растайтын болса, Мұхаммедке (с.а.с) түскен Құранды мойындамағаны » (Ахмад),  — деп айтылған. Ал, сиқырды тамашалау өзге адамдарды да осы күнәға итермелеу болып табылады.

Сондықтан, иманын қорғап, мұндай зиянкестен сақтану үшін әлгіндей бағдарламаларды көрмеу керек. Құран Кәрімде: «Әрі олар – өтірік нәрселерге қатыспайды және бос нәрселердің (пайдасыз бос сөздер мен істердің) жанынан өткенде, өз қадір-қасиетін сақтап өтеді» («Фурқан сүресі, 72 аят»), — деп мұсылмандардың мәртебесін биіктеткен.

2016-09-22
865

Добавить комментарий