«Намаздағы күлкі» мәселесі үш түрге бөлініп қаралады:
1. Тек өзіне ғана естілетіндей күлу (ضحك).
2. Өзіне де, қасындағы адамға да естілетіндей күлу (قَهْقَهَ ).


3. Тек жымию. (إِبْتِسَامٌ)
Бірінші жағдайда: намаз ғана бұзылады, дәрет бұзылмайды. Дәлірек айтқанда, дәретті жаңаламастан намазын қайтадан оқиды.
Екіншісінде: намазы да, дәреті де бұзылады.
Үшіншісінде: намазы да, дәреті де бұзылмайды[1].
Сахаба Әбу Муса Ашъаридің айтуы бойынша, Сахабалар Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге жамағат болып намаз оқыптұрғанда, көзінде ақауы бар бір кісі мешітке кіріп, ондағы шұңқырға түсіп кетеді. Солмезетте намазда тұрған бірнеше адам шыдайалмастан күліп жібереді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) күлген кісілерге дәрет алдыртып, намаздарын қайта оқуларын бұйырған екен[2].
[1] Хидая, Науақыдуәл-уду. 35-бет.; ФатхуБәбилЪиная. 1/49 бет.
(Бұл үкімнің тиляуат сәждесі мен жаназа намазына қатысы жоқ.)
[2] Табаранидің хадистер жинағында келтірілген. Әз-Зайлаъи — Насбурриуая.
«Нұр ғасыр» мешітінің ерлер ұстазы-Тұрсынқұлов Н.Қ.

2016-09-22
487

Добавить комментарий