Ассаламу алейкум!

Араб елдерінде Мадина қаласына арнайы пайғамбарды (с.ғ.с.) зиярат ету үшін бару ширк деп айтатындар бар

Уа алейкум ассалам!

Пайғамбарды (с.ғ.с.) зиярат ету – ширк немесе бидғат деген сөз негізсіз. Ардақты пайғамбарымызды (с.ғ.с.) зиярат ету Құран Кәрім, хадис және үмбет ғұламалары бірауыздан ұжымдық құптауымен бекітілген шариғи негізі бар сауапты амал. Хадисте:

مَن جاءني زائرًا لا تَحمِلُه حاجةٌ إلا زِيارتي كان حَقًّا عَلَيَّ أَن أَكُونَ له شَفِيعًا يوم القيامة

«Кімде-кім мені зиярат етіп келсе, оның келуі бір шаруа себепті емес тек мені зиярт етпек болса қиямет күні менің оған шапағатшы болуым ақиқат[1]»,-делінген.

Демек, Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) арнайы зиярат ету – шапағатына лайықты болуға себеп амал.

 

Мұса ЕРБАТЫР,

арнайы nurgasyr.kz үшін

 


[1]Табарани

2019-01-15
354

Добавить комментарий


Jo-Lonn Dunbar Jersey