Сұрақ: Әссәләәму алейкум! Әлеуметтік желі мен телефонда смс жазысу кезінде смайликті қолдануға рұқсат па?

 

Жауап: Уа алейкум ассалам!

Бүгінгі таңда телефон және әлеуметтік желі арқылы сөйлесу немесе хат алмасу тікелей сөйлесудің жаңа түріне айналды. Бұл дегеніңіз, қарым-қатынастың осы түрлерінің де өзіне жараса әдебі мен тәртібі болуы қажет. Әрине, Шариғи талаптарға қайшы келмейтін рәміздер мен бейнелерді (символ және смайлик) әлеуметтік желіде және телефон арқылы хат жазған кезде қолдануға ешбір тыйым жоқ. Мәселен, езу тартып күліп тұрған бейне, амандасып тұрған қос қол, «керемет», «мықты» деген мағынадағы бармақ, «тамаша» деген ишаратты білдіретін қол бейнесі сияқты, т.б.

Желі арқылы тілдесу мен бетпе-бет сөйлесудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, әлеуметтік желімен хат алмасып отырған кісімен емін-еркін ешбір қысылмай сөйлесу мүмкіндігі бар. Ойды жинақтап, жазған хатты бірнеше рет өңдеп жөнелтуге мүмкіндік бар. Ал кейде, керісінше, тым еркінсіп, танымайтын адаммен ұрыс-жанжалға дейін баруы мүмкін. Бірақ бетпе-бет сөйлесу барысында адам өзін жинақы ұстайды, әр сөзін нақты әрі дұрыс жеткізуге тырысады.

Міне, сондықтан ескере кететін жайт, әлеуметтік желіде шариғатқа қайшы, бейәдеп немесе орынсыз бейнелерді қолданбау керек.

 

Дайындаған: nurgasyr.kz

2018-01-04
570

Добавить комментарий