Сұрақ: Әссәләәму алейкум!

Түнде ұйықтай алмай мазам кетіп жүр. Таныстарым осыған байланысты дәрі-дәрмектерді қолдануға кеңес берді. Алайда, арнайы дұғасы болса, соны оқып көрмекші едім. Алдын-ала рахмет!

Жауап: Уа алейкум ассалам!

Дұға – сұрау және тілеу деген мағынаны білдіреді. Демек, өмірдегі кез-келген жағдайда байланысты дұғаның болуы заңдылық. Бастысы, ол дұғаның қайнар көзін білген жөн. Яғни, Құран аяты, Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) немесе ғұламалар сөзі екенін анықтау.

Сүлейман бин Бурайда өз әкесінен риуаят етіп, былай дейді: «Халид бин Уалид Махзуми Пайғамбарға (с.ғ.с.) шағымданып: «Уа, Алла елшісі! Ұйқысыздықтан түнде көз ілмей жүрмін», - дейді. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.): «Егер төсегіңе жатсаң:

اللَّهُمَّ رَبَّ السَّمَوَاتِ السَّبْعِ وَمَا أَظَلَّتْ ، وَرَبَّ الْأَرَضِينَ وَمَا أَقَلَّتْ ، وَرَبَّ الشَّيَاطِينِ وَمَا أَضَلَّتْ ، كُنْ لِي جَارًا مِنْ شَرِّ خَلْقِكَ كُلِّهِمْ جَمِيعًا أَنْ يَفْرُطَ عَلَيَّ أَحَدٌ مِنْهُمْ أَوْ أَنْ يَبْغِيَ ، عَزَّ جَارُكَ وَجَلَّ ثَنَاؤُكَ وَلَا إِلَهَ غَيْرُكَ وَلَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ

«Аллаһуммә Роббас сәмәуәтис сәбъа уә мә азолләт, уә Роббәл арадин уә мә ақолләт, уә Роббаш шайатын уә мә адолләт, кун ли жәрон мин шәрри холқикә куллиһим жамиъән, ән яфрутә ъәләйа ахадун минһум әу ябғиа, ъәзза жәрук уә жәллә сәнәук, уә лә иләһә ғойрук, уә лә иләһә иллә Әнтә[1]», - деп айт, - дейді.

Дұғаның мағынасы: Уа, жеті қабат аспан мен оны саялаған жаратылыс Раббысы, жер мен жер көтеріп тұрған тіршілік Иесі, шайтандар мен олардың адастырған нәрселердің Раббысы! Маған барша жаратқаныңның жамандығынан пана бола гөр. Олардың әрбірінің маған зиян тигізуінен және қатер төндіруінен сақта. Сенің панаң үстем, Даңқың биік, Сенен басқа тәңірі жоқ, тек Сен ғана Жаратушысың.

Дайындаған: nurgasyr.kz

 


[1]Тирмизи

2017-08-23
147

Добавить комментарий