Сұрақ: Әссәләму алейкум!

Пайғамбарлардың (Алланың оларға сәлемі болсын) ішінде Улул-Азм деп аталғандары кімдер? Оның мағынасы не?

 

Жауап: Уа алейкум ассалам!

Улул-Азм – сабыр мен табандылық иелері. Олар басқа пайғамбарлардан қарағанда Алла жолында көбірек қиыншылық көрген пайғамбарлар. Жалалайн тәпсірінде: «Мұхаммед! Жұртыңның жәбір-жапасына төзімділік таныт. Қиыншылықты қасқайып қарсы алған, табандылық пен сабыр иелері (улул-азм) секілді...[1]», - делінген.

Мұхаммед Сайд Тантауи: «Елшілер ішіндегі улул-азм – басқа пайғамбарлардан қарағанда Алла сөзінің биік болуы үшін көптеген қиыншылыққа сабырлық танытқандары[2]», - дейді.

Ибн Касир: «Риуаяттың ең машһурі бойынша ол: Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса және пайғамбарлардың соңғысы Мұхаммед (с.ғ.с.). Алла Тағала оларды Ахзаб және Шура сүресінде атап айтқан[3]», - дейді.

Дайындаған: nurgasyr.kz

 


[1]Ахқаф сүресі, 35-аят, Тафсир Жалалайн, 672-бет

[2] Тафсир Уасыт, 11/179

[3] Тафсир Құран Кәрим, 7/282

2017-08-04
254

Добавить комментарий