Біздің күнделікті тіршілігіміздің өзі ұсақ-түйек нәрселерден құралады. Әдетте, адам баласы өмірінде бір өзгеріс болуы үшін ауыз толтырып айтарлық маңызды, ірі оқиғалар орын алуы керек деп ойлайды. Алайда, әсте олай емес.

Себебі біздің әрбір адымымыз, маңызды емес деп мән бермеген әрбір болмашы іс-әрекетіміз – біздің бүгініміз бен келешегімізді кірпіштеп қалайтын дүниелер. Өмірдің өзі осынау кірпіш дүниелерден өріледі.

Алла Тағала Қасиетті Құранның Зілзәлә сүресінің 7-8-аяттарында: «Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді» - дейді.

Аяттың астарында терең мағына жатыр. Расында адам баласының әрбір іс-әрекеті оның болашаққа жасаған қадамы. Сондықтан күнбе-күнгі амалдарымызды реттеп, есепке алып отыруымыз керек. Мысалы, бүгін орындалуы тиіс болған жұмыстарымызды, мейлі ұсақ-түйек заттар болса да, жазып, кейін оның орындалған не орындалмағандығын бақылап отыруымыз керек.

Уақыт – Алланың бізге нәсіп еткен теңдессіз әрі енді қайтып келмейтін байлығы. Имам Ғазали уақытты ұтымды пайдалануға қатысты мынадай өсиет айтқан: «Адам өз уақытын жоспарлай білуі керек. Жұмыстардың ең маңызды болғандарын анықтап, оны бірінші орындау керек. Егер адам жалқаулыққа салынып, немқұрайлық танытса және алдына мақсат құра алмаса, алтын уақытының көп бөлігін жоғалтып алады».

Уақытымызды басқара алуымыз керек. Алла Тағала Құранның Аср сүресінде: «Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды» - дейді. Аталмыш аяттар өмірімізді, уақытымызды қандай амалдарға жұмсауымыз керектігіне меңзеп тұрғандай.   

Адамның басынан небір жағдайлар өтуі мүмкін. Өмір болған соң Алла Тағала құлына әр түрлі сынақтар беретіндігін мұсылман жақсы біледі. Осыны жүрекпен, шынайы иман етіп ұғына білген адам басына қандай қиындық түспесін, оны Алланың қалауы деп қабылдап, тек алға жүреді және әрбір қиындықтың ақырында қайыры бар екенін түсінеді. Құранның Инширах сүресінің 5-6-аяттарында Алла Тағала осылай дейді: «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар».

Аятта айтылғандай, әрбір қиындықтың шешімі де болады.

Соңғы кезде адамдардың өзіне деген сенімділігі жоғалып, Аллаға тәуекел етуі ұмыт болып бара жатқандай. Ал шын мәнінде, мұсылман адам қайырлы амалдарды көбірек орындауға тырысқан сайын оған Алланың жәрдемі мен қолдауы келетіндігін жақсы түсінеді. Сондықтан, әр ісін бір Аллаға тапсырып, тәуекел еткен адамның өз күш-жігеріне деген сенімділігі де арта түседі. Алла Құранның Ләйл сүресінің 5-7-аяттарында: «Ал енді әлдекім (Алла жолында) берсе, тақуалық қылса, жақсылықты дұрыс деп білсе, сонда оның жолын оңайластырамыз».

Мұсылман сенімділік пен менмендіктің арасын ажырата білу керек. Менмендік – бұл адамның қол жеткізген барлық жетістіктері мен бағындырған белестерін бір өзінің ғана еңбегі деп білуі, ал мұсылман адам бойындағы барлық қабілет, қасиеті, жеңісі мен жетістіктері де Алланың оған берген мейірімі, Алланың нәсіп еткені екендігін жақсы біледі. Қорыта айтқанда, иманы кәміл мұсылманның өзіне, өзінің күш-қайратына деген сенімділігінің негізінде Аллаға деген кіршіксіз сенімі, Оған толықтай тәуекел етуі жатса керек.

Адам өмірде қандай да бір жетістікке қол жеткізуі үшін оның ерік-жігері мен әр істе бел шешіп, шешім қабылдай білуі өте маңызды. Қасиетті Құранда да адамның ерік-жігерінің әлсіз болуы көп нәрсеге кедергі болатындығы айтылады. Әйтсе де, адамның талай асуларды бағындырып, діттеген жеріне, мақсатына жетуі үшін ерік-жігерінің ғана болуы жеткіліксіз, әрине. Ол үшін адамның иманы тұрақты, кәміл болуы керек және үнемі дұғада болуы тиіс.

Алла Тағала баршамызға осы аталғандарға амал етуді, үлгілі мұсылман болуды нәсіп етсін!

 

 

Islam-Today.ru сайтынан аударған: www.nurgasyr.kz

 

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шетелдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы nurgasyr.kz сайтына тиесілі.

Nurgasyr.kz сайтында жарияланған кез-келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде nurgasyr.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-01-20
1109

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:362449

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:202061

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34213

Әріптес сайттар