Облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің ағымдағы жылдағы алғашқы отырысы өтті.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Мемлекет басшысы ұлттың рухани жаңғыру идеясына тоқталған болатын. Және оның ұлт мәдениеті мен тарихы, дәстүрі мен дініндегі озық тұстарын сақтай отырып, ескісін естісіне айырбастай білу, бәсекелестікке қабілеттілікті қалыптастыру, сананың ашықтығы мен білімге баса көңіл бөлу секілді алғышарттар арқылы жүзеге асатындығын жеткізген болатын.
Кеше Мәртөк аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен және аудандық спорт бөлімі басшысының қолдауымен хоккейден турнир өткізілді.
Өткен сенбі күні «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің сауат ашу курсы шәкірттері үш пәннен емтихан тапсырды.
Өткен жұмада еліміздің барлық мешіттерінде «Аллаға тәуекел етудің маңыздылығы» тақырыбында жұма уағызы айтылды. Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі уағызды өкіл имам Төлеби Оспан жүргізді.
Ақпан айының алғашқы аптасында Ақтөбе қалалық орталық мешітіндегі қайырымдылық шаралары аясында 13 отбасыға көмек берілді.
Өткен жылдан бері облыс әкімінің бастамасымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мәселесі көтеріліп, осы мақсатта нақты іс-шаралар жүзеге асуда. Оған Ақтөбе өкілдігінің қызметкерлері де белсене атсалысуда.
Мешітке жаңа кеңсе тауарлары алынды
Жуырда «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне жаңа наиб имамдар мен ұстаз қызметке қосылған болатын. Осыған орай, мешітке бірнеше кеңсе тауарлары алынды.
Страница 7 из 73