Бүгін 14 наурыз – еліміздің батыс өңірлерінде қалыптасқан игі ғұрып - Көрісу күні атап өтілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Ислам және отбасы» жылы Ақтөбе өңірінде де кеңінен насихатталуда.

Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының аясында жағдайы төмен 10 отбасыға көмек көрсетілді. Теңдей үлестірілген азық-түлік пакеттерінің әрқайсысына 3,5 кг ет, 2 кг ұн, 1 кг макарон, 2 кг қызылша, 2 кг сәбіз және 2 кг пияз салынды. Барлығы 125 кг азық-түлік берілді.

Әйел – ол ана, аяулы жар, ардақты әпке, қарагөз қарындасың да, қызың да. Тұтас ұлт пен ұрпақтың тәрбиелеушісі, отбасының ұйытқысы, тыныштығын сақтаушы, шаңырақтың жарық шамшырағы мен жылу сыйлар сәулесі де - әйел. Оған тиесілі сый-құрмет еш түгесілмейді, қанша жақсылық жасасаң да, жарасады.

Кеше «Нұр Ғасыр» мешітіндегі «Руханият» музейінде өкіл имам Оспан Төлеби мен Басқарма басшысы Жолдас Қалмағанбетов ақтөбелік бірқатар әлем чемпиондарымен кездесті. Аталмыш шараға қала, аудан имамдары, қаланың Бас имамы Амантай Садиев, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асылбек Құлмағамбетов, Есет Қуанов, Асқанбай Исатай, Сағындықов Ринат, Дәулет Жалғасов, Айнағұлов Мейрамбек, Нұрбек Қабдрахманов сынды әлем чемпиондары мен жүлдегерлері қатысты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы Жарлығына сәйкес 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні болып бекітілген. Бұл Қазақстан жерінде мекен еткен əр түрлі ұлт өкілдерінің қазақ жері мен халқына ризашылығының рəмізі. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет еліміздегі имамдарға "Алғыс айту – игілік сыйлау" тақырыбымен түрлі шаралар өткізуді тапсырған болатын.

Страница 5 из 73

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:369775

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:209041

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:41563

Әріптес сайттар