Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының жабылу рәсімі өтті. 6-13 жас аралығындағы 150-дей бала қатысқан салтанатты іс-шарада ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби қажы Оспан сөз сөйледі. Т.Дәділұлы балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының 3 кезеңінің жұмысын қорытындылап, ұстаздар мен белсенді ата-аналарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, балаларды алдағы келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.

       Бұдан кейін мерекелік дастарханда бас қосқан балалар «Алақай» қуыршақ театрының қойылымдарын тамашалады. Жас толқынды ізгілікке тәрбиелейтін «Ұр, Тоқпақ», «Шық бермес Шығайбай» атты сахналық көріністерді қуыршақ театрының ұжымы жас жеткіншектерге тегін тарту етіп, шадыман шаттық сыйлады.

       Салтанатты іс-шара барысында балдырғандар өнерлерін ортаға салып, тақпақ айтып, өлең оқыды. Алланың 99 есімін жырға қосып, «Бисмиллә» әнін айтты.

       «Нұр Ғасыр» мешітінің балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының жабылу рәсімінде Құран бағышталып, жас ұрпаққа бата берілді.

       Біз де биылғы жазғы каникулда діни сауат ашып, имандылық әліппесін үйренген ұл-қыздарға жарқын болашақ тілейміз! Талаптарыңа нұр жаусын!

«Нұр Ғасыр» облыстық

орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2019-08-14
127

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:380858

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:219403

Әріптес сайттар
Jo-Lonn Dunbar Jersey