Кеше қасиетті Құрбан айт мейрамына орай, облыс орталығындағы «КА 168/2» түзету мекемесінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 

       Түзету мекемесінде өткен кездесуде өкіл имам Төлеби қажы Оспан мен найб имам Алтынбек Хусаинов жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады. Жазасын өтеушілердің алдында дін өкілдері Құрбан айт құндылығы турасында және имандылық пен адамгершілік хақында әңгіме өрбітті.

       Сонымен бірге «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қайрат Дәрменов жазасын өтеушілердің арасында спорттық жарыс ұйымдастырып, сұрақ-жауап сайысын өткізді. «Гір көтеру, арқан тартыс, қол күрес» сынды сайыстардың жеңімпаздарына «Мадақтама» қағаздарымен бірге, сыйлықтар да табысталды.

       Сондай-ақ, Құрбан айт құрметіне дастархан жайылып, көпшілік мерекелік астан ауыз тиді.

       Тағылымды кездесу соңында «КА 168/2» түзету мекемесінің басшылығы игілікті іс-шараны ұйымдастырып, мейірімділік пен бауырмалдық танытқаны үшін ҚМДБ-ның Ақтөбе өкілдігіне алғысын айтып, шынайы ризалығын білдірді.

«Нұр Ғасыр» облыстық

орталық мешітінің

баспасөз қызметі

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2019-08-14
58

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:380852

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:219397

Әріптес сайттар
Jo-Lonn Dunbar Jersey