Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман. Сондықтан діни мәселені шешу үшін ең әуелі кадр даярлауға аса көңіл бөлу қажет.

Кеше Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан «Нұр Мүбәрак» университетінде оқып жатқан ақтөбелік студенттермен кездесу өткізді. Шәкірттердің оқу үлгерімі, тұрмыс-жағдайымен танысты. Кездесу барысында ақылы бөлімде оқитын студенттер оқу ақысына жәрдем беруге көмек сұрады. Өкіл имам елдегі діни маманның тапшылығын айта келе оқуды бітірісімен өздерінің туып-өскен жерлеріне оралып, халыққа қызмет етуге шақырды.

Қазіргі таңда «Нұр Мүбәрак» университетінде 1-курста 22 студент, 2-курста 11 студент, 3-курста 5 студент, ал соңғы 4-курста 9 студент исламтану мамандығы бойынша барлығы 47 студент білім алуда.

Биыл Ақтөбе облысында діни маманның тапшылығына орай, болашақ діни кадр даярлау мақсатында 70-ге жуық талапкерлер дайындалды. Олар еліміздегі бірнеше діни оқу орындарында бақ сынады. Нәтижесінде, Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетіне 11 ер бала мен 5 қыз бала мемлекеттік грантты жеңіп алып, тегін оқуға мүмкіндік алды. Одан бөлек ақылы бөлімге түскен 2 ер бала мен 4 қыз бала бар. Грантты жеңіп алғандардың 7-і медресе түлектері. Жалпы саны – 22 шәкірт.

Ал, еліміздегі медреселерге 37 шәкірт оқуға түсті. Оның ішінде ақтөбелік 14 шәкірт «Ақтөбе» медресесіне, «Шымкент медресе» колледжіне 5 ұл және 1 қыз, «Үшқоңыр медресе» колледжіне 3 қыз бала, «Сарыағаш медресе» колледжіне 5 ұл және 9 қыз бала оқуға қабылданды. Ақтөбе өкілдігінің жүйелі жүргізілген жұмыстарының нәтижесі бойынша жалпы саны 59 бала шәкірт атанып, діни оқу орындарының табалдырығын аттады.

Барша жерлестерімізді оқуда озат болып, білімді де білікті ұстаздардан тәлім алып, өз өңірімізде дінге қызмет етулерін Алла Тағала нәсіп етсін! Білім – инемен құдық қазғандай. Сол себепті, барша шәкірттерімізге білім жолында табандылық пен сабырлылық тілейміз.

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2016-09-22
1866

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:363588

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:203120

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34696

Әріптес сайттар