Бүгін Хромтау қаласында Ақтөбе өкілдігінің облыс мешіттеріндегі жыл жұмысын қорытындылауға арналған көшпелі отырысы өтті.

 

Қала және ауданның Бас имамдары діни басқарма бекіткен төрт бағыт аясында 2018 жылы атқарған іс-шараларды баяндап, өкіл имамға есеп берді. Соның ішінде, ақпараттық түсіндіру жұмыстары, оқу-ағарту, діни қызмет сапасын жетілдіру, қайырымдылық бағытындағы шаралары, мешіттерде жүргізілген қайта қалпына келтіру жұмыстары баяндалды. Мәселен, 2018 жылы облысқа 12 имам діни қызметке тартылып, өңірдегі діни мамандар саны 111-ге жетті. Оның ішінде, діни қызметкердің жоғары және орта діни білімді мамандар саны – 76, яғни, 68,4 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға өсіп отыр. Сондай-ақ:

- Жергілікті имамдардың ұйытқы болуымен 172 ақтөбелік діни оқу орындарына оқуға түсіп, бүгінде білім алуда.

-100-ден астам имам республикалық, облыстық оқыту семинарларында біліктілігін арттырған;

- «Мектепке жол» акциясы аясында 680 бала мектепке дайындалып, оған 3 400 000 теңге қаражат жұмсалған;

- Құрбан айт кезінде 2 559 адамға 15 тонна 107 келі құрбандық еттері таратылды;

- 2016-2018 жылдар аралығында 19 мешіттің жері мен ғимараты діни басқарма балансына рәсімделген, т.б.

Қала, аудан мешіттеріндегі жекелеген жұмыстарға тоқталсақ. Ақтөбе қаласына қарасты мешіттерде 6 927400 теңге көлемінде қаржылай, 9916 кг азық-түлікпен көмек берілген. Байғанин ауданы мешіттерінің ұйытқы болуымен 1 отбасыға баспана сатып алып берілді. Ал Мұғалжар ауданында 3 млн аса қаражатпен көмек беріліп, оқушыларға шәкіртақы тағайындау шарасы үзбей өткізілген. Мешіттегі тегін азық-түлік бұрышы, Қандыағаш-Ақтөбе бағытында тегін такси секілді игі шаралар ұйымдастырылған. Ал Темір ауданындағы 2 мешіттің күрделі жөндеу жұмыстарына 18 млн теңге қаражат жұмсалған. Соның бірі – ғасырлық тарихы бар Темір қаласы мешіті.

Есептік кездесу барысында кей мешіттерге ескерту жасалды. Өкіл имам Төлеби Оспан мешіттерге сапалы фотоаппарат алу, діни оқу орындарына шәкірт дайындау, мешіт құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын жеделдетуге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, қаржының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мешіттердің алты ай сайын жамағат алдында есеп беру мәселесі айтылды.

Облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 24

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 22

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 21

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 20

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 19

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 17

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 16

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 15

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 13

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 22.56.251

  

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 1

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 4

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 5

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 6

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 3

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 8

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18 7

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 14.20.18

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 22.56.24

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 22.56.25

 

WhatsApp Image 2018 11 07 at 22.56.23

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-11-07
185

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:371793

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:210775

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:44450

Әріптес сайттар