Облыстық ақпараттық түсіндіру тобы Қобда ауданында жұмысын жалғастырды. Кеше облыс имамдары мен теолог мамандар тұрғындармен кездесіп, бірқатар ауқымды іс-шаралар жүргізді.

Өкіл имам Төлеби Оспан Қобда ауданы әкімі Мейрамбек Шермағанбетпен кездесті. Кездесуде аудандағы тұрақтылық, халық қауіпсіздігі бағытындағы іс-шараларды бірлесіп атқару жайы сөз болды. Діни қызметкерлерге қолдау көрсету, оның діни қызмет сапасына әсері жайлы айтылды.

Өкіл имам Қобда аудандық мешіті және Қызылжар ауылындағы «Абылай» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты. Мешіттерге мониторинг жұмыстарын жүргізіп, ғимараттың қысқы маусымға дайындығын тексерді. Жергілікті жамағаттармен тілдесті. Кедесулерде дәстүрлі діннің құндылықтары, сондай-ақ, елімізде заң жүзінде уағызына тыйым салынған теріс ағымдар, олардың жат пиғылдары, ауызбіршіліктің маңыздылығы туралы сөз етілді.

Дәл осындай мазмұндағы кездесу Ақырап ауылында да өтті. Өкіл имам ауыл тұрғындарымен сұхбаттасып, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Жиренқопа ауылында өткен кездесуде мәзһаб ұстанудың маңыздылығы туралы айтылды. Тұрғындарға Ханафи мәзһабы мен Матуриди ақидасының қалыптасуы, оның маңыздылығы кеңінен баяндалған кітаптар таратылды. Кездесуге «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Қайрат Дәрменов және облыстық дін істері басқармасы, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының мамандары Нұрпейіс Сәрсенбаев, Сансызбай Ұлқабай қатысты.

Кешкілік сұхбат Қобда аудандық мешітінде жалғасты. Теолог Қайрат Дәрменов «Мұсылман бейнесі – көркем мінез» және «Өлімнен ұят күшті» тақырыптарында уағыз жүргізді. Уағыз барысында ұяттың иманның жетпістен бір тармағы екендігі айтылды. Қазақ халқы обал мен ұятты ұл-қызының бойына сіңіріп өсіргендігі, тұрмыс салтын шариғатпен шебер ұштастыра білгендігі тілге тиек етілді. Түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

WhatsApp Image 2018 11 05 at 19.53.38

 

WhatsApp Image 2018 11 05 at 19.54.22

 

WhatsApp Image 2018 11 05 at 20.05.59

 

WhatsApp Image 2018 11 05 at 20.05.58

 

WhatsApp Image 2018 11 05 at 20.05.54

 

WhatsApp Image 2018 11 05 at 20.05.07

 

WhatsApp Image 2018 11 05 at 20.05.531

 

WhatsApp Image 2018 11 05 at 19.53.52

WhatsApp Image 2018 11 06 at 11.05.01

WhatsApp Image 2018 11 06 at 11.06.16

 

WhatsApp Image 2018 11 06 at 11.06.191

 

WhatsApp Image 2018 11 06 at 11.06.171

 

WhatsApp Image 2018 11 06 at 11.06.19

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-11-06
66

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:371793

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:210775

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:44451

Әріптес сайттар