Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде құрбан айт мерекесінің 1-ші күні «Құрбан айт - ұлық мереке» атты іс-шара өткізілді. Бұл үлкен іс шараға 70-тен астам шәкірттер мен қонақтар қатысты.

Онда алдыменен қасиетті Құранның аяттары оқылып, «Құрбан айт мерекесін жүректерге сіңдіру» тақырыбында уағыз-насихат айтылды. Шәкірттердің арасында мақал-мәтелден жарыс ұйымдастырылып, түрлі көріністер көрсетілді. Шәкірттер өздерінің діни білімнен өте нәтижелі көрсеткішке жеткендерін дәлелдеп білім жағынан өзара сайысқа түсті. Арада жүрек тербетер имани өлеңдері оқылып, иләһи жыр-термелер қойылып та жатты. Одан бөлек қонақтар арасында «сыйлықтан құр қалмайық» атты сұрақ-жауап айдары өткізіліп, жеңімпаздарға әртүрлі сыйлықтар үлестірілді. Осы уақытқа дейін әйелдер жамағатының ауызбіршілігін, бірлігін ұйымдастырып, қадағалап жүрген бірнеше шәкірттер мен қызметкерлерге мақтау қағаздары табысталды. Кештің өте жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқан Қошқарова Кенжегүл және Бектаева Диляром есімді мешіттің ұстаздарына алғыс айтылды. Сөз соңында әйелдер жамағатының және қонақтардың арасынан шыққан әжелер өздерінің ризашылықтарын білдіріп, шын көңілден шыққан баталарын берді.


«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2016-09-15
1921

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:363588

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:203120

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34696

Әріптес сайттар