Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру, отандық туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлген болатын.

Себебі, тарихыңды, түп-тамырыңды білу – келешек ұрпақ үшін өте маңызды. Осы орайда, Ақтөбе өңіріндегі діни жәдігерлерді жинақтау, діни қайраткерлер мен діни нысандарды зерттеп, зерделеу жұмыстарын жүргізуде «Руханият» облыстық музейінің еңбегі орасан зор. Бұл бағытта бүгін музей қызметкерлері С.Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында «Ақтөбе облысындағы діни қайраткерлер және діни нысандар» тақырыбында облыстық ғылыми конференция өткізді. Оған профессорлар мен тарихшылар, ғылыми қызметкерлер мен мешіт имамдары, студент жастар қатысты.

Конференцияда Францияның халықаралық Конкорд Академиясының мүше-корреспонденті, профессор Айсұлу Тасимова, заңгер Елубай Жұмабаев, Тарих, этнография және археология ғылыми зерттеу орталығының директоры Дәулет Әбенов, «Руханият» танымдық клубының төрайымы Жібек Абдуллина, Облыстық тарихи өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Ләззат Нуркеева, басқа да қатысушылар әр түрлі тақырыпта баяндамалар жасалды. Соның ішінде, діни ағарту саласына өлшеусіз үлес қосқан, солақай саясаттың құрбанына айналған дін қайраткерлері Бисен хазрет, Кәрімберген хазрет, Жұмағали ахун, Рахманқұл ишан, т.б. өнегелі өмірінен сыр шертті. Кемел басқосуға дін қайраткерлерінің ұрпақтары да қатысып, естеліктерімен бөлісті. Соның ішінде, Бисен хазреттің немересі Жібек Османғалиқызы осы уақытқа дейін «Руханият» музейі жүргізген зерттеу жұмыстары, экспедициялар нәтижесінде 40 хазреттің өмір жолы зерделенгендігін, бұл бағыттағы жұмыстары әлі де жалғасатындығын жеткізді.

Конференция жұмысына белсене атсалысқаны үшін барлық қатысушыларға, соның ішінде конференция модераторы Жаңақоныс ауылдық округіндегі "Бақытжан" мешітінің бас имамы Асылхан Нұртайұлына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваның атынан "Алғыс хаттар" табысталды. Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің атынан естелік сыйлықтар үлестірілді.

 

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2018 04 13 at 18.09.27

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 18.02.34 6

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 18.02.34 4

 

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 18.02.34 8

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 18.02.34 9

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 18.02.34 7

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 18.02.34 3

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 18.02.34

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 18.02.34 1

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 18.02.34 12

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 18.02.34 11

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 18.02.34 10

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-04-13
145

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:370030

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:209196

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:42743

Әріптес сайттар