Кеше ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторының облыстағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде Исра мен Миғраж оқиғаларына арналған арнайы ашық сабақ өтті.

Мешіт ұстазы Кенжегүл Қошқарова ислам тарихындағы Исра мен Миғраж оқиғаларының барысын қысқаша баяндап, оның пайғамбарлықтың 10-ншы жылында орын алғандығын, қайғыдан қабырғасы қайысқан Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) көңіліне жұбаныш болғандығын баян етті. Ал мешіттегі әйелдерге арналған сауат ашу курсының шәкірттері Миғраж – жеті қат көкке көтерілу оқиғасын баяндап, әр қабатқа жеке-дара тоқталып кетті. Соның ішінде, Мұхаммедтің (с.ғ.с) өзге пайғамбарлармен жүздесуі, Жәннат пен Тозақты көруі, Пайғамбардың Жаратқанмен тілдесуі, осы оқиғада бес уақыт намаздың парыз етілгендігі жайлы, т.б. мәліметтер айтылды. Осылайша тыңдаушыларға Миғраж бен Сира сапарының сыры, мән-мағынасы, барысы тәптіштеп түсіндірілді. Ал әйел-қыздар секторының облыстағы өкілі Диляром Бектаева аталмыш оқиғаларға ақида, сенім тұрғысынан түсінік беріп кетті. Оның ақиқаттығына шек келтірмеу керектігіне «Сыддық» атанған сахаба Әбу Бәкірдің айқын мысалын үлгі етіп, мұның Алланың қалауы мен құдіреті арқылы жүзеге асқандығын жеткізді. Оқиғадан түйетін маңызды ғибрат – сынақтарға сабыр еткен пайғамбарды осынау зор сыймен сүйіншілеп, перде арқылы Өзімен тілдесуді нәсіп еткеніндей, Алланың иман келтірген өзге құлдарына да мейірімді, шүкір еткен пендесінің нығметін арттырып, сабыр еткендерге сансыз сауап жазады деп түсіндірді. Сонымен қатар, Миғраж түні атқарылатын арнайы құлшылықтың жоқ екендігі ескертіліп, десе де сауабын Алладан үміт етіп жасаған әр ізгі амалдың жауапсыз қалмайтындығы айтылды.

Сондай-ақ, «Әжелер», «Аналар» және «Арулар мектебінің» мүшелері әртістік шеберліктерімен тәнті етіп, тақырыпқа сай шағын қойылым ұсынды.

Шара соңында мешіт ұстазы Кенжегүл Құрманғалиқызы сабақ тақырыбын пысықтау мақсатында тест сұрақтарын әзірлеп, тоғыз айлық сауат ашу курсы бағдарламасындағы «Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірбаяны» пәнін қорытындылады. Белсенділік танытқан шәкірттерге өкіл имамның атынан құнды сыйлық – кітаптар үлестірілді.

Шарадан кейін жуырда Құранға түскен шәкірттер тобы ауызашар дастарханын жайып, жамағаттың алғысын алды.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітің

баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2018 04 12 at 20.10.48

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 12.03.47

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 12.03.476

WhatsApp Image 2018 04 13 at 12.03.471

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 12.03.472

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 12.03.4710

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 12.03.478

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 12.03.479

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 12.03.473

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 12.03.474

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 12.03.477

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 12.03.475

 

WhatsApp Image 2018 04 12 at 20.10.55

 

WhatsApp Image 2018 04 12 at 20.10.53

 

WhatsApp Image 2018 04 12 at 20.10.56

 

WhatsApp Image 2018 04 13 at 12.03.4711

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-04-13
278

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:371025

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:210037

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:43813

Әріптес сайттар