"Кең көлемдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жəне өзекті мəселелерді шешу" тобы Темір ауданының Шұбарши, Саркөл, Жаңажол вахталық поселкасы, Қопа және Кеңқияқ елдімекендерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің докторанты, РАНТ мүшесі Оралхан Сейдманов Саркөл елдімекенінің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жергілікті мешіт жамағатымен жүздесіп, «Аят-хадистерді ғұламалардың тәпсірлеуінсіз түсіну мүмкін емес!» тақырыбында дәріс оқыды. Құран аяттары мен хадистерді түсіну үшін араб тілі грамматикасын ғана емес, ислам тарихын толық меңгеру керектігін, әр аяттың түсу себебін, ислам оқиғаларының хронологиясын жақсы меңгеру қажеттігін түсіндірді. Дәрісте 25-ке жуық адам адам қамтылды.

Түсіндіру тобының мүшелері, теолог Амантай Садиев, Нұрбол Смағұлов, Айбек Қабиев Шұбарши елдімекенінде болып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Өзара тәжірибе бөілісіп, діни қызметтің сапасын арттыру туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, теолог Амантай Садиев және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Мақсат Құдайберген Жаңажол вахталық поселкасы мешітінің жамағатымен жүздесті. «Діни қызмет және діни бірлестіктер» заңының жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» заңының баптарына түсінік беріліп, зайырлылық, толеранттылық ұғымдарына анықтама берілді. Кездесуге 50-ге жуық жамағат қатысты.

Сондай-ақ, І топ мүшелері Қопа ауылында және №2 Шұбарқұдық мектебінде оқушыларымен, олардың ата-аналарымен және ұстаздармен кездесу өткізді. «Ерте жүктіліктің алдын алу» және «Теріс діни ағымдардың қоғамға тигізер қаупі» тақырыптарында дәрістер оқылды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қопа ауылында аудан жастары мен жамағаттың қатысуымен шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

WhatsApp Image 2018 04 10 at 18.27.571

 

WhatsApp Image 2018 04 10 at 18.27.582

 

WhatsApp Image 2018 04 10 at 18.27.591

 

WhatsApp Image 2018 04 10 at 22.49.091

 

30515990 351139521959461 1685622475804128001 n

 

WhatsApp Image 2018 04 11 at 11.08.24

WhatsApp Image 2018 04 10 at 22.49.102

 

WhatsApp Image 2018 04 10 at 22.49.111

 

 30515611 351238288616251 8800379407780072319 n

 

30652650 351575908582489 8549179664770129750 n

 

30707631 351576008582479 7740511886110121931 n

 

30629566 351576065249140 4204328284771717465 n

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-04-12
102

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:370149

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:209298

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:42978

Әріптес сайттар