Ақтөбеде жуырда іске қосылған «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы түсіндіру жұмыстарына РАНТ мүшелері жұмылдырылуда. Осыған орай, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов топ құрамына қосылып, кеше Ақтөбеде қаласында бірқатар кездесулер өткізді.

Ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлы облыс орталығынан салынатын «Ақтөбе медресесі» колледжінің жаңа ғимаратының құрылыс жобасымен танысып, оңды бастаманың сәтті жүзеге асуына тілектестігін жеткізді. Өкіл имам Төлеби Оспан және колледж директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков құрылыс жұмыстары демеушілер тарту арқылы жүзеге асатындығын айтып, жобада діни қызметкерлерге арналған әлеуметтік баспана, спорт кешені, басқа да нысандар қатар қамтылғандығын жеткізді. Сонымен қатар, медресе шәкірттерімен, ұстаздарымен сұхбаттасып, пікір алмасты. Оларға білім үйренудің пайдасы мен артықшылығы туралы айтып, бүгінде білікті кадр даярлау, діни қызмет сапасын жетілдірудің – діни басқарманың күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі екендігін атап кетті.

Кешкілік ақшам намазынан кейін Сансызбай Шоқанов «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде ақтөбелік жамағатпен жүздесіп, «Адамдар арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында тұшымды уағыз-насихат айтты. Жамағат тұтастығын сақтау, әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсінісіп, бейбіт мәміле жасауы турасында айтып, ислам тарихынан тамаша мысалдар келтірді. Сұхбатқа 300-ге жуық жамағат қатысты.

Бүгін Темір ауданында жалғасын тапқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жұма күніне дейін жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, топ құрамында Сансызбай ұстаз Құрбанұлымен қатар РАНТ мүшесі, «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты Оралхан Сейдманов та бар.

 

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

WhatsApp Image 2018 04 10 at 21.21.221

 

WhatsApp Image 2018 04 10 at 21.21.21

 

WhatsApp Image 2018 04 10 at 21.21.22

 

WhatsApp Image 2018 04 10 at 21.21.23

 

WhatsApp Image 2018 04 10 at 21.17.58

 

DSC 1163

 

WhatsApp Image 2018 04 11 at 15.31.19

 

WhatsApp Image 2018 04 11 at 15.31.24

 

WhatsApp Image 2018 04 11 at 15.31.20

 

WhatsApp Image 2018 04 11 at 15.31.21

 

WhatsApp Image 2018 04 11 at 15.31.18

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-04-11
183

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:370149

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:209298

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:42978

Әріптес сайттар