Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Ислам және отбасы» жылы Ақтөбе өңірінде де кеңінен насихатталуда.

Жуырда ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторының облыстағы жауапты өкілі мен «Руханият» мұражайының бірлесе ұйымдастыруымен «Қазіргі заманауи қоғамдағы отбасы рөлі» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Іс-шараға әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығындағы Әжелер мектебінің апа-әжелері мен студент жастар шақырылды. Отбасы институтының тәжірибесі мол тәлімгерлері саналатын апа-әжелеріміз ақыл-кеңестерімен бөлісіп, жанұядағы жылу мен берекенің басы – әйел екендігін жеткізді. Өмірде көргендерін, әулетке сыйлы келін бола білудің сырын айтып, кішіге – үзет, үлкенге – құрмет көрсету керектігін үйретті. Қыз балалар сауалдарын жолдап, .

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің әйел шәкірттері «Қазақ халқының таным-түсінігі бойынша отбасы құндылықтары» атты ашық сабақ өткізді. Олар отбасыдағы ананың рөлі жайында ой-пікірлерін ортаға салып, қазақ тарихында есімдері ерекше таңбаланған, көрегенді де дана әйел образдарын атап өтті. Қыз балалар өздері әзірлеп келген материалдары бойынша бірі Ұлжанның, бірі Айғаным мен Зеренің, Домалақ ананың өмірлерінен сыр шертті. Алыс сапардан келген ұлын ұзақ көрмей, сағынса да, «Әуелі, әкеңе барып амандас!» деген бір-ақ ауыз сөзімен отбасындағы отағасының, әкенің абырой-беделі биік екендігін сездірген Ұлжанның көрегенділігін мысал қылып келтірді. Абайына жастайынан ертегі-дастан жаттатып өсірген Зередей әженің өнегесі өскелең ұрпаққа қажет екендігі және әр ісін жасы үлкеннің батасымен бастауды әдет еткен Құнанбайдың үлкенге құрмет көрсетудің озық үлгісін паш еткендігі айтылды. Шәкірттер ислам үмметінің ардақты аналары Фатима мен Айшаның да ғибратқа толы ғұмырларынан әдемі мысалдар келтірді. Сабаққа қатысушылар отбасы тақырыбында мазмұнды бейнероликтер тамашалады. Мешіт ұстазы Диляром Бектаева некенің маңыздылығы, отбасында ер мен әйелдің өзара түсінісуі туралы айтып, қазақ жырауларының шығармашылығы мен аят-хадистерде отбасы тақырыбына үлкен мән берілетіндігін атап кетті. Сабақ соңында белсенді қатысқан шәкірттерге журналдар мен кітаптар сыйға берілді.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

WhatsApp Image 2018 03 13 at 15.14.12

 

WhatsApp Image 2018 03 13 at 15.14.11

 

WhatsApp Image 2018 03 13 at 15.34.21

 

WhatsApp Image 2018 03 13 at 15.34.23

 

WhatsApp Image 2018 03 13 at 15.34.24

 

WhatsApp Image 2018 03 13 at 15.34.25

 

WhatsApp Image 2018 03 13 at 15.34.22

 

WhatsApp Image 2018 03 13 at 15.34.241

 

WhatsApp Image 2018 03 13 at 15.34.251

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-03-13
280

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:371033

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:210045

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:43859

Әріптес сайттар