Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының аясында жағдайы төмен 10 отбасыға көмек көрсетілді. Теңдей үлестірілген азық-түлік пакеттерінің әрқайсысына 3,5 кг ет, 2 кг ұн, 1 кг макарон, 2 кг қызылша, 2 кг сәбіз және 2 кг пияз салынды. Барлығы 125 кг азық-түлік берілді.

Жәрдем алған жанұялар қатарында көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Олар мұқтажбен барымен бөлісіп, жәрдемін жеткізуге асыққан мешіт ұжымына шынайы алғыстарын жеткізді. Ал осынау игі істің қарымтасын күтпестен жақсылық жасағандар Алланың құзырында мақтаулы болмақ. Себебі Құранда бұл туралы: «Һәм оларға: «Біз сендерді тек Алла разылығы үшін тамақтандырудамыз. Бұл жақсылығымыз үшін сендерден ешқандай қарымта да, алғыс та күтпейміз». «Шүбәсіз, Біз адамның түрін қашырып, қабағына кірбің түсіретін алапатты күн туғанда Раббымыздың жазасына ұшыраудан қорқамыз», – дейді. Алла оларды сол күннің кесапатынан сақтайды һәм де оларды жүздері бал-бұл жанған, шат-шадыман күйде қабылдайды», - деп келеді. Алла тағала барша атсалысқан азаматтардан разы болғай!

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

WhatsApp Image 2018 03 09 at 17.58.31

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-03-09
181

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:370149

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:209298

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:42981

Әріптес сайттар