Әйел – ол ана, аяулы жар, ардақты әпке, қарагөз қарындасың да, қызың да. Тұтас ұлт пен ұрпақтың тәрбиелеушісі, отбасының ұйытқысы, тыныштығын сақтаушы, шаңырақтың жарық шамшырағы мен жылу сыйлар сәулесі де - әйел. Оған тиесілі сый-құрмет еш түгесілмейді, қанша жақсылық жасасаң да, жарасады.

 

Осы орайда, діни басқарманың тапсырмасы аясында «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде апа-әжелерге, мешіттің нәзік жанды қызметкерлеріне ілтипат көрсетілген игі шара өтті. Барлығы мерекелік дәм басында бас қосып, өкіл имам Төлеби Оспан қазақы таным мен исламдағы әйел мәртебесін, олардың қоғамдағы рөлін тілге тиек етті. Әр шаңыраққа тыныштық пен татулық тілеп, жылы лебізін жеткізді. Меймандарға мешіттің «Сен де үлес қос!» акциясы әзірлеген сый-сияпаттар тарту етілді.

Сонымен қатар, өткен жылы құрылған «Әжелер мектебі» мен «Аналар мектебі» де әйел ұстаздарға арнап дастархан жайып, сый-құрметін білдірді. Дәм басында әйелдің исламдағы орны, мәртебесі жайында аят-хадистер, өнегеге толы әңгімелер айтылды. Ал «Арулар мектебінің» қыз-келіншектері мен мешіт ұстаздары Кенжегүл Кушкарова және Диляром Бектаева мүмкіндігі шектеулі жан, қарт әжей Бақыт Рахметованың үйін зиярат етті. Қарияның хал-жағдайын біліп, емін-еркін сұхбаттасып, естелік сый-сияпат ұсынды.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

WhatsApp Image 2018 03 09 at 17.54.38

 

WhatsApp Image 2018 03 09 at 17.54.42'

WhatsApp Image 2018 03 09 at 17.54.44

 

WhatsApp Image 2018 03 09 at 17.54.43

 

WhatsApp Image 2018 03 09 at 17.54.49

 

WhatsApp Image 2018 03 09 at 17.55.55

 

WhatsApp Image 2018 03 09 at 17.55.59

 

WhatsApp Image 2018 03 09 at 17.10.34

 

WhatsApp Image 2018 03 09 at 17.11.051

 

WhatsApp Image 2018 03 09 at 17.11.05

 

WhatsApp Image 2018 03 09 at 17.53.06

 

WhatsApp Image 2018 03 09 at 17.53.07

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-03-09
407

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:370030

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:209196

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:42743

Әріптес сайттар