Кеше «Нұр Ғасыр» мешітіндегі «Руханият» музейінде өкіл имам Оспан Төлеби мен Басқарма басшысы Жолдас Қалмағанбетов ақтөбелік бірқатар әлем чемпиондарымен кездесті. Аталмыш шараға қала, аудан имамдары, қаланың Бас имамы Амантай Садиев, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асылбек Құлмағамбетов, Есет Қуанов, Асқанбай Исатай, Сағындықов Ринат, Дәулет Жалғасов, Айнағұлов Мейрамбек, Нұрбек Қабдрахманов сынды әлем чемпиондары мен жүлдегерлері қатысты.

 

Өкіл имам кездесу барысында Ислам дінінің салауатты өмір салтына қаншалықты көңіл бөлетіндігіне тоқталды. Бас имам өз сөзінде: «Пайғамбарымыз қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ, – деген. Қуаттылық тек қана күшпен өлшенбейді. Нағыз күшті азамат – қуаттылығын ата-анасына, туған-туыстарына, көрші-қолаңына мейірімділік таныта білуімен көрсеткен жан. Сіздер нағыз күшті адамның бейнесін қалыптастырып жүрсіздер. Спорт адамды тәкаппарланбауға, кешіпейіл болуға тәрбиелейді. Адам әрдайым жетістікке жете бермейді ғой. Спортшының жеңіліс табатын да кезі болады. Кейде бабы келіскенмен, бағы жанбай қалуы мүмкін. Мұндайда ердің ері ғана салы суға кетпей, сабырлықпен қабылдай біледі. Керісінше, жігерленеді. Дайындығын күшейтеді. Міне, бұл да нәпсімен күрес, нәпсіні тізгіндеудің бір жолы», - деді.       

Өкінішке орай, соңғы кездері Қазақстанның әнұраны шырқалып жатқанда қолын көкірек тұсына қою мен туды сүю мәселесіне қарсылық танытатындар да көрініс табуда. «Ислам тарихындағы жорықтарда туды ұстау ер жүрек сахабаларға ғана табысталған. Халифа Әбу Бәкір 11 жасақ дайындағанда оларға 11 ту бергендігі айтылады. Жауынгерлерді жігерлендіру үшін жорықтарда осы туды пайдаланған. Тудың астына бірігу деген де ұғым бар. Ал, әнұран кез келген елдің болмысы мен тарих-танымын таныстырады. Әнұран шырқалғанда құрмет көрсету – дінге қайшы әрекет емес. Керісінше, адамдарды отансүйгіштікке тәрбиелейді, ұлт тұтастығына үндейді», - деген өкіл имам Төлеби қажы спорт арқылы жастарды отансүйгіштікке баулуға шақырды.

Кездесуде Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасының Басшысы Жолдас Нұрланұлы да өз ойын ортаға салды. «Сіздер елдің көк байрағын желбіретіп, әнұранын талай рет шырқаттыңыздар. Бұған тер төгіп, машықтанумен қол жеткіздіңіздер. Ел сол үшін де сіздермен мақтанады. Өкінішке орай, осы атақ-абыройыңызды өз мақсатына пайдаланғысы келетіндер бар. Әсіресе, деструктивті діни ағым өкілдері. Солардан сақ болсаңыздар екен деймін. Өйткені, сіздерге ұқсағысы келетін қаншама жастар бар? Діни мағлұматты мешіт қызметкерлерінен алғандарыңыз жөн», - деген басқарма басшысы спортшыларға сәттілік тіледі.        

Сонымен қатар кездесуде деструктивті діни ағым өкілдерінің сипаттары мен діни ұстанымдары да баяндалды. Олардан сақтану жолдары түсіндірілді. Кездесу соңында әлем чемпиондарына «Афсона» мейрамханасында дастархан жайылып, арнайы сыйлықтар табысталды. Өз кезегінде спортшылар мешіт қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіре келе бұл бастама жалғасын тапса екен деген тілектерін жеткізді.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-03-06
293

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:371033

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:210045

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:43857

Әріптес сайттар