ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы Жарлығына сәйкес 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні болып бекітілген. Бұл Қазақстан жерінде мекен еткен əр түрлі ұлт өкілдерінің қазақ жері мен халқына ризашылығының рəмізі. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет еліміздегі имамдарға "Алғыс айту – игілік сыйлау" тақырыбымен түрлі шаралар өткізуді тапсырған болатын.

Хромтау аудандық "Нұр" мешітінде бұл мереке қайырымдылық шарасымен басталды. Бас имам Алмат Əли мешіт тазалықшысы, жалғызбасты ана Күнсая Исмагуловаға атқарып жатқан еңбегіне алғыс айта отырып, азық-түлік қоржынын сыйлады. Бүгінде Күнсая Исмагулованың ұлы студент атанып, облыс орталығындағы оқу орындарының бірінде білім алуда. Осыны ескерген бас имам Күнсая ханымға қоржын толы азық-түлікті баласына жеткізуді аманат қылды.

Одан әрі мешіт қарияларына құрмет көрсетілді. Алғашқы болып бірнеше жыл қатарынан аудандық "Нұр" мешітінде қызмет атқарған Қарин Алдаберген ақсақалдың шаңырағына бас сұғып, қарияға аудан халқын имандылыққа тəрбиелеу жолында атқарған еңбегі үшін алғысын білдірді. Содан соң Бекетай қажы Бақытжанұлына сəлем бере барды. Жасы сексенге таяған Бекетай қажының батасын алуға тырысатындар көп. Сондықтан болар, әлі күнге дейін қария əрдайым қараша халықтың ортасынан табылып, тəрбиелік мəні зор ғибратты əңгімелерін айта жүреді. Бекетай қажы еліміз Тәуелсіздік алған тұста аудандық мешітте молдалық етіп, кейін ақылдастар алқасының құрамында болған. Дөң ауылында тұратын Жетес Маубасов қарияға да аудан имамы алғысын айтып, батасын алды. Айта кету керек, Алмат Əли аталған кездесулерде қарияларға жеміс-жидектер салынған қоржындар тарту етіп, оларды Астанада өтетін Еуразия мұсылман ғұламаларының форумынан хабардар етті. Ақсақалдар жағы өз кезектерінде ауқымды шараның жоғары деңгейде өтуіне сəттілік тіледі.

Бүгінгі таңда аудан жастарының салауатты өмір салтын ұстануға деген құлшыныстары артқан. Əсіресе, шағын футболға деген ықыластары тым бөлек. Оған басты себеп – ауданда өткен жылдан бері Хромтау Əуесқой футбол Лигасы ұйымдастырылуда. Бұл шараға былтырғы жылы 16 команда қатысқан болса, биыл 14 команда өзара бақ сынасуда. Араларында аудандық "Нұр" мешітінің жамағатынан құралған "Нұр" командасы да өнер көрсетуде.
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ауданның бас имамы Алмат Əли аталмыш спорттық шараның өткізілуіне ұйытқы болып, жанына спортсүйер жастарды жинай білгені үшін Хромтау қалалық Балалар жəне жасөспірімдер спорт мектебі директорының міндетін атқарушы Бақытбек Осмахановқа алғысын білдіріп, Қазақстан футбол федерациясының жейдесі мен мойынорағышын сыйға тартты. Сондай-ақ, оның жұмысына береке тілеп, əрдайым игі істердің басынан табыла беруіне тілектестігін білдірді. Айта кету керек, Бақытбек Осмаханов мешіт тарапынан ұйымдастырылатын спорттық шаралардың да басы-қасында жүріп, өз деңгейінде өтуіне септігін тигізіп жүреді.

 

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-03-02
151

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:371033

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:210045

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:43858

Әріптес сайттар