Облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің ағымдағы жылдағы алғашқы отырысы өтті.

 

Отырыста облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов облыстағы діни ахуал және оның тұрақтылығын сақтау шараларына тоқталып, 2018 жылға қойылған міндеттермен таныстырды.

Облыстың өкіл имамы Төлеби қажы Оспан «Мешіттердегі діни қызмет сапасы және ақпараттық түсіндіру жұмыстары» тақырыбында баяндама жасап, өкілдіктің өткен жылы атқарған іс-шараларын баяндады. Соның ішінде, мешіттерге мониторинг жүргізу бойынша өкіл имам қала және ауыл округтеріне 39 рет ресми іссапар жасап, сапар барысында діни қызметтің сапасын арттыру, үгіт-насихат, діни қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру, мешіттерге қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мәселелері зерделенгендігін мәлімдеді.

2017 жылы Ақтөбе өкілдігінің тікелей ұйытқы болуымен 6 мешітте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 9 мешіттің құжаттары діни басқарма балансына өтті, жаңадан 2 мешіт халық қолданысына берілді. Сонымен қатар, қайырымдылық шаралары көптеп жүзеге асырылып, жалпы саны 15359 адамға азық-түлік, киім-кешек және қаражатпен көмек берілді. Соның ішінде, қаржылай көрсетілген көмек мөлшері – 24 404 877 теңге. 

Бұдан бөлек өкіл имам облыс мешіттерін білікті діни кадрлармен қамту, оларды тұрақтандыру бағытындағы іс-шаралар, жат ағымның алдын алу, ақпараттық түсіндіру жұмыстарының ретін баяндап, 2018 жылдың жұмыс жоспарымен таныстырды.

Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларды әрі қарай жалғастыруға қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-02-16
689

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:371028

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:210038

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:43830

Әріптес сайттар