Бүгін Бас Мүфтидің бұйрығымен «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды. Өкіл имам Төлеби Оспан жаңа имам Дарменов Қайратты жамағатқа таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Ақтөбенің, дәлірек айтқанда Ырғыздың тумасы Дарменов Қайрат Қуанышбекұлы 2009-2012 жылдар аралығында «Ақтөбе медресесінде» «Исламтану» мамандығын меңгерген. Кейін 2012-2016 жылдар аралығында «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып, «Исламтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. Жаңа имам әлі де білімін жетілдіру үстінде. Ол бүгінде дәл осы оқу орнының 2 курс магистранты.

Алғашқы қызмет жолын туған жері Ақтөбеден бастаған жаңа имам Қайрат  Қуанышбекұлы алдағы уақытта асыл дінімізге аянбай еңбек етеді деген сенімдеміз.

Өкіл имам тақырыпқа сай жұма уағызын жүргізіп, исламдағы бауырмашылық ұғымына тоқталды. Алланың разылығы үшін дос болу, мұсылман бауырыңның қателігіне кешіріммен қарау, жолдасыңа үкім айтушы емес, үзір іздеуші болудың мұсылмандық сипаттардан екендігін тілге тиек етті. Ұлы Абайша айтқанда, "Біріңді қазақ, біріңді дос көрмесең, істің бәрі бос" екендігін айтып, бауырмашылыққа, бірлікке үндеді. Сондай-ақ, намаз соңында жамағатпен бірге дұға жасалып, орамал мәселесі оңды шешілсін, ел ішінде ешқандай бүлік, фитна болмасын деп тілек тіленді. 

 

Облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

2

 

3

 

4

 

5

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-01-12
1148

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:369770

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:209035

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:41502

Әріптес сайттар