Ақтөбе мешіттеріндегі жаңа жылдың алғашқы апталары қайырымдылық шараларынан басталды.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының аясында медресенің 3 бірдей шәкіртіне 25 мыңнан 75000 теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Көмекті мешіт ұстаздары Кенжегүл Қошқарова мен Диляром Бектаева шәкірттердің қолына табыстап, оқуларына сәттілік тіледі. Одан бөлек «Ақтөбе медресесі» колледжіне 62 кг және тұрмысы төмен, көпбалалы 7 отбасыға 60 кг-ға жуық азық-түлік, жылы киім-кешектер үлестірілді.

Ал қалалық орталық мешіті мен мешіттің алқа мәжілісі мүшелері Жаңақоныс елді мекеніндегі 7 бірдей отбасыға жәрдемдерін тигізді. Баспанасыз қалған бұл отбасыларға қала əкімі Ілияс Испанов бос тұрған ғимаратты жатақхана есебінде пайдалануға берді. Ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда, тұрмыстық заттарға қажеттілік бар болатын. Осыны ескерген мешіт жамағаты оларға 2 бірдей жап-жаңа газ плита сыйға тартып, ерекше қуантты. Игі іске үн қосқан мешіт жамағатына жас отбасылар ерекше алғыстарын жаудырып, рахмет айтты.

Сондай-ақ, мешіт жамағаты бұл күні Вераника әжейдің үйіне бас сұқты. Қарт әже жастайынан жетім қалған бес бірдей немересіне бас-көз болып отыр. Мешіт имамдары қарттың қал-жағдайын сұрап, сұхбаттасып, балғындарға дұға-тілектерін арнады. Отбасына 1 қап картоп, жуа, 2 қап ұн мен мен шекер сынды азық-түліктер және 30 кг ет апарып берді.

Қайырымдылық шаралары ауыл мешіттерінде де жүзеге асырылды. Соның ішінде, Жаңажол вахталық мешіті, Шұбарши, Жағабұлақ ауылдық мешіттері және Сағашилі ауылындағы «Ерболат Камалұлы» мешіті де мұқтаж отбасыларға 40 келіге жуық азық-түлікпен, 25 мың теңге қаражатпен көмек көрсетті. Сондай-ақ, Сағашилі ауылының тұрғынына құны 8 мың теңгелік ұялы телефон берілді.

Жалпы Ақтөбе мешіттерінде жыл басынан бері шамамен 260 келіге жуық азық-түлікпен, 100 мың теңге қаржылай және тұрмыстық заттармен жәрдем көрсетілді.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

WhatsApp Image 2018 01 11 at 15.26.46 1

 

WhatsApp Image 2018 01 08 at 13.54.04

 

WhatsApp Image 2018 01 08 at 13.54.03 1

 

WhatsApp Image 2018 01 08 at 13.53.42

 

WhatsApp Image 2018 01 07 at 17.35.56

 

WhatsApp Image 2018 01 07 at 17.35.57 1

 

WhatsApp Image 2018 01 07 at 17.35.58 1

 

WhatsApp Image 2018 01 07 at 17.35.57

WhatsApp Image 2018 01 07 at 17.35.58

 

WhatsApp Image 2018 01 01 at 20.10.40

 

WhatsApp Image 2018 01 01 at 21.18.07

 

WhatsApp Image 2018 01 02 at 16.08.08

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-01-11
148

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:366539

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:205977

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:37740

Әріптес сайттар