Жуырда Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен облыс имамдарының жылдық есеп беру жұмысы өтті.

Облыстың өкіл имамдары ҚМДБ төрағасы мен Орталық аппарат қызметкерлеріне үгіт-насихат жұмыстары, қайырымдылық іс-шаралар, діни сауат ашу курстары, түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға түсіндіру шаралары, қажылық, халал стандарттау, жат ағымның арбауына кеткен жандарға үгіт-насихат жүргізу, баспасөз және ғаламтор, мешіт тазалығы, жөндеу-құрылыс жұмыстары, жастарды медресе мен университетте оқыту шаралары, имамдарды аттестациядан өткізу, көшпелі семинарлар, қоғамдық, рухани, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру, т.б. бағыттар бойынша есеп берді. Нәтижесінде биыл еліміз бойынша 394 313 отбасына қайырымдылық көмек жасалғаны мәлім болды. Мұндағы Ақтөбе өкілдігінің қосқан үлесі 11456 отбасыға 24 404 877 теңге қаражат. Соның ішінде, ерекше атап өтерлігі "Нұр Ғасыр" мешітіндегі "Сен де үлес қос!"қайырымдылық акциясы мен су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында ұйымдастырылған "Ақтөбе асары" акциясы. Акция кейін "ҚМДБ асары" ретінде жалғасын тауып, Бас мүфти 1 мүгедек қыздың жанұясына 2 бөлмелі, жиһазбен жабдықталған пәтер кілтін табыстаған болатын.

Сонымен қатар, жыл қорытыныдысы бойынша елімізде 940 адам дәстүрлі дінге қайтып, теріс діни көзқарасынан бас тартқан. Ал мешіттердегі діни сауат ашу курстарында барлығы 85950 шәкірт білім алған.

 

Облыстық орталық

"Нұр Ғасыр" мешітінің

баспасөз қызметі

 

news image 12523

 

132201416

 

Photo 1512193924 27466

 

132201449

 

news image 12514

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-12-06
258

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:366200

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:205674

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34767

Әріптес сайттар