Мәулітке орай «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті алғаш рет ұйымдастырған «Адамзаттың асыл тәжі» атты шығармалар байқауы қорытындыланды.

 

Қала мешіттеріндегі діни сауат ашу курсы шәкірттерінің арасында бірінші рет өткен байқауға барлығы 25 шығарма қабылданып, ұстаздар әділ бағасын берді. Мақала мазмұны мен автордың сөз саптауы, ойын тиянақты жеткізе білуі, Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ғұмырнамасынан деректер келтіруі секілді мәселелерге мән берілді. Байқау жеңімпаздары кеше әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында өткен Мәуліт шарасында марапатталды. І және ІІІ орынды «Нұр Ғасыр» мешітінің шәкірттері Г.Қуантаева мен А.Сағынғазы жеңіп алса, ІІ орынды «Досжан хазірет» мешітінен Ж.Наурызбаева иеленді. Оларға өкіл имамның атынан арнайы Алғыс хат және 30 мың, 20 мың және 10 мың теңге көлемінде қаржылай сертификаттар табысталды. Ал ынталандыру сыйлына ие болған 2 шәкірт «Иман» журналына келер жылға тегін жазылу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, байқауға белсене қатысқан қарт әжелерге «Нұр Ғасыр» мешітінің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясынан 5 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.

Мәуліт кешінде мешіт шәкірттері Пайғамбар (с.ғ.с.) ғұмырынан сахналық көрініс қойып, «Тәлағал бадр» иләһи әнін қазақ және араб тілдерінде орындады. Пайғамбар (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға хижрет жасаған кезде аңсарлықтар айтқан бұл ән көпті елжіретті. Бұл шәкірттер "Инабатты бойжеткендер"  атты тәлім мектебінің тәрбиеленушілері екендігін атап кету керек. Сондай-ақ, «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Диляром Бектаева оқыған «Сағыныш хаты» мен Жетпісова Аңсаған есімді шәкіртіміздің мәнерлеп оқыған өлең жолдары да Пайғамбарға деген үммет сағынышын паш етіп, үлкеннің де, кішінің де көзіне жас алдыртты. Барлық жамағат бірге пайғамбарға (с.ғ.с.) салауаттар жолдап, мүбәрак есімін ардақтады.

Шараның және бір керемет тұсы – мұнда жеребе жасалып, ұстаздар мен шәкірттер барлығы бір-бірін Мәулітпен құттықтап, сый-сияпат жасады. Дастархан жайылып, дәм басында ізгі тілектерін жеткізді. Шара соңында әйелдер-қыздар секторының жауапты өкілінің облыста атқарған іс-шаралар есебі көрсетіліп, жылдың қорытындысы жасалды. Төрт бағыт аясында жыл бойына 216 іс-шара өткізіліп, онда 9834 адам қамтылған.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

WhatsApp Image 2017 12 04 at 22.57.271

 

WhatsApp Image 2017 12 04 at 22.57.29

 

WhatsApp Image 2017 12 04 at 22.57.28

 

WhatsApp Image 2017 12 04 at 22.57.27

WhatsApp Image 2017 12 04 at 22.57.282

 

WhatsApp Image 2017 12 04 at 22.57.302

 

WhatsApp Image 2017 12 05 at 13.45.49

WhatsApp Image 2017 12 04 at 22.57.291

 

WhatsApp Image 2017 12 04 at 22.57.301

 

WhatsApp Image 2017 12 04 at 23.13.541

 

WhatsApp Image 2017 12 04 at 23.13.55

 

WhatsApp Image 2017 12 04 at 23.13.542

 

WhatsApp Image 2017 12 04 at 22.57.311

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-12-05
369

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:366200

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:205674

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34767

Әріптес сайттар