Елбасы Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілген болатын. Мерекегеорай Ақтөбе өкілдігі  мешітте неке қидырған жас жанұялардың басын қосып, «Мерейлі отбасы» тақырыбында рухани кездесу өткізді.

Шара басында облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан барлығын мерекемен құттықтап, отбасы құндылықтарына, жанұядағы сүйіспеншіліктің сақталуы, ерлі-зайыптылардың міндеттері, неке ұғымы, ғұсыл алу, талақ, бала тәрбиесі сынды бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Соның ішінде, жарасымды жанұя болу зор жауапкершілік жүктейтіндігін айта келе, отбасылық кикілжіңдерде ашуға бой алдырмай сабыр сақтау, жарың не жолдасыңның бойындағы кемшіліктерге кеңшілікпен қарау керектігіне мән берді.

Шараға қаладағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығындағы Әжелер мектебіне мүше апалар да қатысып, қазақы дәстүрімізден шашу шашты. Баланы бесікке бөлеу тәртібін түсіндіріп, баланы түрлі зиянкес микробтардан қорғау мақсатында бөлмесіне адыраспан тұтату сынды іс-әрекеттердің астарына үңілдірді. Дәстүр мен діннің сабақтастығы  паш етілген шарада Мүслім есімді бөбегіміздің құлағына азан шақырылып, ат қою рәсімі де жасалды. Елінің қамын жейтін қайсар азамат болып өсуін тілеп, дұға етілді.

Бұдан кейін қатысушыларға әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, олардың тақырып аясындағы пікірлері тыңдалды. Әр түрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, отбасы мүшелерінің арасында дұрыс мәміле болуы керектігін ұғындыру, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Жас жанұялар толғандырған сауалдарын ортаға салып, жауап алды.

Кездесу соңында жас жанұяларға естелік ретінде «Дін мен дәстүр», «Исламдағы жанұя» кітаптары сыйға берілді.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 17

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 19

 

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 5

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 18

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 13

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 14

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 15

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 3

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 4

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 7

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 1

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 16

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 8

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 9

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 10

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 11

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 12

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-09-11
373

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:370030

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:209196

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:42743

Әріптес сайттар