Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен жанұяларға облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы үлкен қолдау білдіріп, бірқатарына үй тұрғызуға жер бөліп, қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз еткен болатын.

 

Соның ішінде, Қызылжар елдімекенінен жер бөлінген бірнеше жанұя бүгінде жаңа үйлерінің қабырғасын тұрғызып, шатырын көтеріп үлгерді. Аталмыш үйлерге жылу құбырларын, газ, жарық, су секілді инфрақұрылымдарды тарту жұмыстары да облыс әкімдігі тарапынан қадағаланып, тиісінше көмек берілді. Әзірге үйдің ішкі-сыртқы сылақ жұмыстары, еден төсеу, әктеу сынды жұмыстары бар.

Отбасы мерекесінің қарсаңында облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан Қызылжар ауылындағы бес жанұяны мерекемен құттықтап барды. «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің «Сен де үлес қос!» акциясына жауапты қызметкерлер Мәжит Әбішев пен Кенжегүл Қошқарованың ұйымдастыруымен далаға дастархан жайылып, қазан асылып, мерекелік ас та әзірленді. Дәм басында бәрі емін-жарқын сұхбаттасып, Алланың әрбір ауыртпалықтан кейін жақсылық ілестіріп, жарылқайтындығын айтып, өткенге салауат, бүгінге тәубе десті. Өз сөзінде өкіл имам Төлеби Дәділұлы жанұялардың алдағы күндеріне де Алладан жеңілдік тіледі. Олардың облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының көрсеткен қолдауы мен көмегінен нәтиже шығарып, берілген кез-келген көмек түрін берекесімен жеткізе білгендіктеріне, жігерді жасытпай сынаққа шыдамдылық танытқандықтарына зор алғыс айтты.

Қызылжарда қоныс тепкен бес жанұяның бірі Әзілхан есімді бауырымыздың әр сынақтан кейінгі Алланың жарылқауы болып, шаңырағына енген және бір шаттық  - ұрпағын жалғастырар ұлының дүниеге келуі еді. Мерекелік басқосуда өкіл имам бөбектің құлағына азан шақырып, Мүслім атын үш реттен қайталап, халқына жанашыр, иманды азамат болып өссін деген тілек айтты. 

Қоныс тойларын атап өтпесе де, оған құт орнасын деген тілекпен мешіт атынан әр үйге бір-бір кілемнен сыйға тартылып, аналарына көйлек, балғындарға да базарлықтар берілді.

P.S. Тасқын тағдырластырған бұл отбасылардың  балалары да бір-бірін туған бауырындай көріп, бірге өсуде. Бөліну, бөлектеу дегенді білмейді. Біз келгендегі көздеріндегі қуанышты, риясыз күлкіні көргенде, бақыт байлықтан емес, көңілдің кеңдігінен көрініс табатындығын ұққандай болдық. Сол күні азан шақырылып ат қойылған «Тасқынбай» да дәл осы бауырмалдықты бойға сіңіріп, ертең елінің қамын жейтін ұл болып өскей.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 3

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 4

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 5

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 6

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 7

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 2

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 8

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 9

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 10

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 11

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 12

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 13

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 14 

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 15

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41 1

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.44.41

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-09-11
555

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:363572

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:203107

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34673

Әріптес сайттар