Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өкіл имам Төлеби Оспанның төрағалығымен алқа отырысы өтті. Оған барлық қала имамдары мен мешіт молдалары қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер қатарында жуырда жұмысын қайта бастайтын мешіттердегі тоғыз айлық сауат ашу курсының дайындық жұмыстары пысықталып, соның ішінде, сабақ кестесін құру, шәкірттердің тізімін әзірлеу керектігі айтылды. Сондай-ақ, мешіт имамдарына жат ағым өкілдерімен жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша тапсырмалар берілді.

Жиында бұдан бөлек барлық діни рәсімдері діни басқарма бекіткен жаназа пәтуасы негізінде атқару жайы сөз болып, оны атқарушы мешіт имамдары мен молдалардың өз міндетіне жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарау керектігі ескертілді. Осы ретте, жалпы діни рәсімдерді атқаратын имам, молдаларды бекіту, тіркеп отыру, жұмысты бір жүйеге келтіру мақсатында бұған арнайы жауапты қызметкер тағайындалды. Қоғамдық қызмет негізіндегі бұл міндет қалалық орталық мешіттің молдасы Кенжеғарин Халықбергенге жүктелді. Осыған сәйкес, ендігі арада діни рәсімдердің орындалуына байланысты кез-келген өтініш, сұрақтар бойынша осы аталған азаматқа жолығу керектігін қала тұрғындарының қаперіне саламыз.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

WhatsApp Image 2017 09 05 at 19.35.07 1

 

WhatsApp Image 2017 09 05 at 19.35.07 3

 

WhatsApp Image 2017 09 05 at 19.35.07 4

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-09-05
329

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:362458

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:202068

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34362

Әріптес сайттар