Байғанин аудандық мешітінде өткен Айт мерекесінде балғындар Алланың кәләмін жатқа айтудан жарысты. Сайысқа 10-13 жас шамасындағы 13 бала қатысты.

 

 

Діни басқарма жариялаған «Ислам және отбасы» жылы аясында Ақтөбе мешіттерінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, әлеуетін арттыру бағытындағы іс-шаралар жүйелі жүзеге асырылып жатыр. «Нұр Ғасыр» мешітінен бастау алған, 500 отбасын қамтыған қайырымдылық шаралары енді міне, аудан, ауылдарда да сәтті жалғасуда.

 

Әйтекеби аудандық мешітінде жамағат намазынан соң жергілікті жұртшылық Айтты мерекеледі.

 

Айт – төңірекке шаттық сыйлайтын шарапатты мереке. Бұл күні барлық мешіттерде айт намазы оқылғаннан кейін, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Әсіресе, айттық сыйлық алып, тәттіге тоятын балғындардың қуанышында шек болмайды.

Мұғалжар төріндегі айт мерекесінде Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешіті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Ертесімен оқылатын екі ракағат айт намазы. Мешітке ағылған мұсылман жамағаты. Шарапатты күндегі шат көңіл. Тілек айту, төс қағыстыру. Төңірекке тізіле тігілген киіз үйлер. Ұлттық дәм, ұлттық өнерден шашу. Спорттық сайыстар. Балғындарға да базарлық бар.

Ораза айы аяқталса да, оңды істер әлі де жалғасуда. Ойыл ауданында Рамазанның құрметіне шаш қию акциясы ұйымдастырылды. Жеке кәсіпкер, шаштараз Шынбаев Райымбек 70-ке жуық жерлестеріне тегін қызмет көрсетті. Игі іске аудандық орталық мешіт ұйытқы болды.

 

Биылғы қасиетті Рамазан айында Ақтөбенің 10 мешітінде Құран хатым етіліп, хатым дұғасы жасалды. Қариларға құрмет көрсетіліп, қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жабылды. Қаржылай сый-сияпаттар ұсынылды. Сонымен қатар, Рамазан бойына 20-ға жуық мешіттерде күнделікті ауызашар берілген болса, қасиетті Қадір түні бірқатар мешіттерде сәресі дастархандары жайылды.

 

Қасиетті қадір түнін хромтаулықтар ерекше ықыласпен қарсы алды.

Страница 1 из 79

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:370030

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:209196

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:42743

Әріптес сайттар