Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде: «Намаз – діннің тірегі. Оны орындамаған күмәнсіз дінін жыққандай болады», - деген.

Мәселен, бір құрылыстың ең негізгісі іргетас болса, онан кейінгі ең маңыздысы тірегі әрине оның қабырғасы. Сол секілді пәк дініміз Исламның шынайы иманнан кейінгі ең асыл тірегі намаз. Сондықтан әрбір мұсылманның ең басты парызы болған намазды дер уақытында орындауы шарт. Ойлап көріңізші! Бір кісі сүйіспеншілігімен «Мен мұсылманмын» дейді. Бірақ күнделікті бес уақыт намазды оқымаса да кейбір құлшылықтың түрлерін аса мән бере орындайды. Ораза тұтады, садақа береді, жұма намазына қатысады. Әрине бұларды Алла әмір еткені үшін орындауда. Дегенмен Алланың айрықша назар аударып, көбірек әмір еткен бес уақыт намазын орындамауы, оған ықылассыздық танытуы шын мәнінде ақылға сыя ма?

Жоғарыдағы хадистен түсінгеніміз мынадай, әрбір мұсылман ең алдымен бес уақыт намаздың ақысын беріп, мезгілінде орындамаса, қандай құлшылық жасаса-дағы өз дінін берік ұстап, оны шын мәнінде тік тұрғыза алмайды. Өйткені, діннің басты тірегі ораза, зекет немесе басқа ғибадат түрлері емес, ең негізгі тірегі намаз екені шындық. Өйткені, тұтатын оразамыз, дүние-мүліктен беретін зекетіміз, шамасы жеткен адамның қасиетті Қағбада жасайтын қажылық амалы әр жылдың бір мезгілінде ғана орындалса, ал намаз атты құлшылық жыл он екі ай бойы орындалатын парыз ғибадат болуымен ерекшеленеді.

 

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2016-12-24
1194

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:362449

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:202061

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34213

Әріптес сайттар