Жалғасы...

Барлық мәзһабтарда алдынан өткен кісіні қайтару уәжіп емес, мустахаб. Біздің мәзһабта итеріп қайтаруға рұқсат, бірақ оны істемеген абзал. Өйткені намаздағы негізгі мақсат – тыныштық пен хушу` күйін сақтау. Хадисте келген қолмен итеру амалы – намаз кезінде жылан мен шаянды өлтіруге секілді рұқсатты ғана білдіреді. ат-Тирмизи «ас-Сунанында»: «Кейбір ғұламалар намаз үстінде тіпті  жылан мен шаянды өлтіруді де жеккөрген», – деген1. Сондықтан ер кісіге қолменбелгі беріп не «субханалла» деумен не қирағатын дауыстап оқумен қайтаруымустахаб. Әйел кісі белгі беріп не қолын соғып қайтарғаны дұрыс. Алайдаайқасуға болмайды, өйткені ол намазды бұзатын көп әрекетсіз жүзеге аспайды. Хадистегі айқасу бұйрығы намаз үстінде әрекет істеуге әлі тыйым салынбаған, исламның әуелгі кезеңіне қатысты деп түсіндіріледі. Кейін намазда тұрған кісіге артық қимыл істеуіне тыйым салынып, айқасуға рұқсат үкімі жойылған. Алдынан не өтсін, кім өтсін, намаз бұзылмайды. Имам Әбу Ханифа, имам Мәлик, имам Шафиғи және Хасан ал-Басридің көзқарастарында2 намазда тұрған кісінің алдынан кез келген ит, жануар өтсе, адам өтсе, мейлі мұсылман, мейлі мұсылман емес болсын, намаз бұзылмайды. Анас ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын):

 

Аллаһтың елшісі адамдармен намаз оқығанда олардың алдарынан есек өткен.Сол кезде Аййааш ибн Әбу Робии`а: «Субханалла, субханалла, субханалла», –деген.

 

 

«Аллаһтың елшісі сәлем берген соң: «Субханалла деп қазір таспих айтқан қайсың?», – деп сұраған. Ол: «Ей, Аллаһтың елшісі, мен айттым. Өйткені мен есек намазды үзеді деп естіген едім», – деп жауап берген. Пайғамбар: «Намазды ешнәрсе үзбейді!», – деді деп айтқан3.

Абдулла ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын):

 

«Аллаһтың елшісі Минада адамдармен намаз оқып жатқа жерге ұрғашыесекке мініп келдім және балиғатқа аттаған кезім еді. Ол намаз оқығандаалдында дуал болмады. Саптардың біреуінің алдынан өттім де есектен түсіп, оныжайылуға қоя беріп, сапқа кірдім. Бұл ісімді ешкім теріске шығармады», – деген4.

 

Бұл хадистегі «алдында дуал болмады» деген сөздің мағынасы «алдында сутраболмады» деп түсіндіріледі. Ал нақтырақ дәлелге келсек, Абдулла ибн Аббас(Аллаһ оған разы болсын) тағы бір хадисінде:

 

«Аллаһтың елшісі Арафада парыз намазын оқып жатқанда ұрғашы есеккеФадыл екеуміз мінгесіп келген едік. Пайғамбардың алдында біз бен оныңарасын бөгейтін ешқандай сутра болмады», – деген5.

 

Сондай-ақ, ат-Тирмизи «ас-Сунанында (Намазды ешнәрсе үзбейді) деген тарауында»: «Пайғамбардың сахабалары мен олардан кейінгі табиғиндерден болған ғұламалардың басым көпшілігі амалды осыған негіздеген және олар:

 

«Намазды ешнәрсе үзбейді», – деп айтқан. Суфиян ас-Сәури мен аш-Шафиғи де осы көзқараста», – деп риуаят еткен6.

 

Сөйтіп кейінгі үкім бойынша намаз үстінде көп қозғалу намазды бұзатын амалға жатады. Бұл хадистің тура мағынасы бізде «Расында, алаңдауға болмайтын шұғыл – намазда», – деген7 хадистің талабымен қайтарылады. Сол секілді мәликилерде де намаздан алаңдамайтын жеңіл түрде ғана итеріп қайтару абзал саналады. Егерде әрекет көбейсе, намаз бұзылады. Жалпы шафиғи мәзһабында ер кісі «субханалла» деуімен, ал әйел кісі қолын соғумен қайтаруы мустахаб. Имам Ахмад та осы көзқараста.

 

Көпшілік ғұламалардың көзқарасында намазды сутрасыз оқыған кісіге күнә тағылмайды8. Сондай-ақ олардың дәлелдері күштірек және басымдырақ9.

 

• Негізінде, намазда тұрған кісінің алдынан білмеген немесе басқа жол табаалмаған кісі болмаса, әдейі ешкім өтпейді. Білместік қылған кісіні қатаң сынғаалып, ұстасу – сүннеттен емес. Алдыдан өткен кісімен сүннет айқасуға бұйырғандеп, мешітке енді келіп үйрене бастаған намаз оқушыларды итеріп және қатаңсынға алып, көркем қарым-қатынас пен мінез-құлыққа қатысты сүннеттіатқарусыз қалдырып жатуымыз – Пайғамбарымызға және оның сүннетінедеген махаббатқа әсте сәйкес келмейді. Бұл дегеніміз – сүннетте бір мәселегеқатысты сөйлеген бірнеше дәлелдердің өзіне ұнағанын ғана жөн көріп, басқасынменсінбеген мұсылманның жағдайы. Аллаһ тағала бізді бұндай сипаттан аулаққылуын сұраймыз. Имам әл-Бұхари «ас-Сахихында» Әбу Һурайраның (Аллаһоған разы болсын): «Бір кісі білместіктен мешіт аумағында дәрет сындырды. Мұны көрген мұсылмандар оны қатаң сынға алды. Пайғамбар : «Оны қоя беріңдер! Дәрет сындырған жеріне бір үлкен шелекпен немесе кәдімгі шелекпен су төгіңдер! Негізінде, сендер ауырлатушы емес, жеңілдетуші етіп жіберілдіңдер», – деді деп айтқанын риуаят еткен.

 

  1. «Сунан ат-Тирмизи»: 2/233.
  2. «Әл-Фиқһ әл-Ислами уа Әдиллатуһу»: 2/952 б.
  3. «Сунан ад-Дарақутный»: 1/367. әл-Хаафиз Ибн Хажар әл-Әсқолани «ад-Дирооясында» (1/178) дәрежесін хасан деп бағалаған.
  4. «Сахих әл-Бухари»: 1/105.
  5. «Сахих Ибн Хозиима»: 2/25.
  6. «Сунан ат-Тирмизи»: 2/160.
  7. «Сунан Әби Дәуд»: 1/347.
  8. «Шарх әл-Мумти` ала Зәәд әл-Мустақни`»: 3/276.
  9. «Шарх әл-Мумти` ала Зәәд әл-Мустақни`»: 3/277.

 

Алдыңғы бөлімін мына сілтемеден оқи аласыздар  http://nurgasyr.kz/index.php/namaz/1050-namazda-sutra-oldanu

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-03-02
1077

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:363589

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:203121

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34696

Әріптес сайттар