Мұсылман намазға тұрарда алдын адамдар өтіп, мінажатын бұзбауы үшін, алдына белгі қойғаны дұрыс. Бұны фиқһта сутра деп атайды. Сабра ибн Мабад әл-Жуһани (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің:

ليستتر أحدكم في صلاته ولو بسهم

«Біреулерің намаз оқығанында, тіпті жебені болса да, сутра етсін», – деді деп айтқан1.

 

Сутрамен байланысты мәселелер:

• Сутраның мақсаты – намазда тұрған кісінің көңілін алаңдатпау және мінажатын бұзбау. Сол себептен намазда тұрған кісі мен сутраның арасынан өтуге болмайды.

• Намазда тұрған адамның алдынан біреу өтсе, күнә төрт түрлі болады:

1. Алдына сутра қойып намаз оқып тұрған кісінің сәжде орнын басып өту – мәкрүһ тахриман. Мұндай жағдайда өтуші кісі күнәға батады.

2. Алдына ешнәрсе қоймай оқыған адамның алдынан бір кісі мәжбүрлі түрде өтсе, онда күнә намазда тұрған адамның өзіне тиесілі.

3. Алдына ешнәрсе қоймай намаз оқыған адамның алдынан бір кісі өтетін басқа жол бола тұра өтсе, күнә екеуіне де жазылады.

4. Намаз оқушы басқа орын таппаса және өтуші де оның алдынан басқа орын таппаса, екеуі де күнәға килікпейді.

• Қабырғаны немесе ұстынды сутра ету абзал. Амру ибн Шу`айб әкесінен –атасынан (Аллаһ оған разы болсын):

 

فَصَلَّى إِلَى جِدَارٍ - فَاتَّخَذَهُ قِبْلَةً وَنَحْنُ خَلْفَهُ

 

«Пайғамбар намазды дуалға қарай, оны құбыла етіп намаз оқыған және біз артында ұйып тұрдық», – деген2.

 

• Дуал табылмаса, жерге білектің ұзындығындай затты шаншып қою. Олболмаса, жерге сызық сызып қоюға болады. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разыболсын) Аллаһ елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):

 

إذا صلى أحدكم فليجعل تلقاء وجهه شيئا ، فإن لم يجد فلينصب عصا ، فإن لم يجد فليخط خطا ، ثم لا يضره ما مر بين يديه

 

«Біреулерің намаз оқығанында алдына бір нәрсе қойсын. Қоятын нәрсе таппаса,бір таяқты жерге кіргізіп қойсын. Ол да болмаса, бір сызық сызып қойсын. Сосын оның алдынан өтушілер (намаздағы күйіне) еш зиян тигізбейді», – дегенін риуаят еткен3.

 

• Намаз оқушы сутраға жақынырақ тұруы мустахаб. Аллаһ елшісі:

 

إِذَا صَلَّى أَحَدُكُمْ إِلَى سُتْرَةٍ فَلْيَدْنُ مِنْهَا ، لَا يَقْطَعْ الشَّيْطَانُ عَلَيْهِ صَلَاتَهُ

 

 «Біреулерің намаз оқығанында сутраға қарай оқысын және оған жақын тұрсын. Сонда шайтан оны намазынан бөле алмайды», – деп айтқан4.

 

• Имамның алдына қойылған сутра жамағат үшін жеткілікті. Абдулла ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын):

 

أَقْبَلْتُ رَاكِباً عَلَى حِمَارٍ أَتَانٍ , وَأَنَا يَوْمَئِذٍ قَدْ نَاهَزْتُ الاحْتِلامَ , وَرَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم يُصَلِّي بِالنَّاسِ بِمِنًى إلَى غَيْرِ جِدَارٍ ، فمَرَرْتُ بَيْنَ يَدَيْ بَعْضِ الصَّفِّ فَنَزَلْتُ , فَأَرْسَلْتُ الأَتَانَ تَرْتَعُ ، وَدَخَلْتُ فِي الصَّفِّ , فَلَمْ يُنْكِرْ ذَلِكَ عَلَيَّ أَحَدٌ.

 

«Аллаһтың елшісі Минада адамдармен намаз оқып жатқа жерге ұрғашы есекке мініп келдім және балиғатқа аттаған кезім еді. Ол намаз оқығанда алдында дуал болмады. Саптардың біреуінің алдынан өттім де есектен түсіп, оныжайылуға қоя беріп, сапқа кірдім. Бұл ісімді ешкім теріске шығармады», – деген5.

 

• Алдынан өткісі келген кісіні не жануарды қайтару бізде намаздың әдебіненсаналады. Алды дегенде тұрған орны мен басы қойылатын сәжде орныныңаралығы көзделеді. Өйткені одан әрі өткен кісіні қайтару үшін алға жылжыпқозғалу қажет болады да көп әрекет намазды бұзып жібереді. Бұл амалдың әдепсаналуы Маруан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің :

 

إذَا صَلَّى أَحَدُكُمْ إلَى شَيْءٍ يَسْتُرُهُ مِنْ النَّاسِ , فَأَرَادَ أَحَدٌ أَنْ يَجْتَازَ بَيْنَ يَدَيْهِ فَلْيَدْفَعْهُ ، فَإِنْ أَبَى فَلْيُقَاتِلْهُ ، فَإِنَّمَا هُوَ شَيْطَانٌ

 

«Егер біреулерің адамдардан бөгейтін сутраға қарай намаз оқыса, сөйтіп біреу оның алдынан өтуді қаласа, кеудесінен итерсін, егер ол қарсыласса, онымен айқассын, өйткені ол – шайтан», – деді деп айтқан6. Осы хадистің тұсында ӘбуДәуд: Суфиян ас-Сәуридің: «Намаз оқып тұрғанымда алдымнан тәкаппар кісіөтсе, итеріп қайтарамын. Ал әлісіз (қарапайым) кісі өтсе, қайтармаймын», – депайтқанын риуаят еткен7.

 

Жалғасы бар...

 

  1. «Булуғ әл-Мароом»: 1/76. Дәрежесі: хасан.
  2. «Сунан Әби Дәуд»: 1/260. Дәрежесі: хасан сахих.
  3. «Булуғ әл-Мароом»: 1/78. Дәрежесі: хасан.
  4. «Сахих Ибн Хозиима»: 2/10.
  5. «Сахих әл-Бухари»: 1/105.
  6. «Сунан Әби Дәуд»: 1/258. Дәрежесі: сахих.
  7. «Сунан Әби Дәуд»: 1/258.
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-02-21
1453

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:363589

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:203121

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34696

Әріптес сайттар