Тарихта жетістікке жеткен тұлғалардың мақсатын жүзеге асыру үшін қолданған әдістері ортақ. Олар мақсаттарына қиындықсыз жету үшін «алғыс күшін» пайдаланған. Алғыс айта білу адам өміріне ғажайып түрде әсер етеді. Адамдар қарым-қатынасы тақырыбы бойынша лекция оқыған психолог Джон Грей, алғыс айту адамның қабілетіне қаншалықты оңды ықпал ететіні жайлы ойымен бөліседі. Психолог алғыстың тылсым қуаты жайлы былай дейді: «Таңертең күнімді алғыс айтудан бастаймын. Оянған сәтте: «Аллаға шүкір» деген сөздің ерекше қуат беретінін сезіндім. Сонымен бірге тәулік бойы үлкенді-кішілі жайттың барлығына да шүкіршілігімді айта жүремін»,- дейді.

Кішкене жақсылық жасаған адамға алғыс айтып, қарыздар екеніңізді білдіру – ең әуелі Сіздің жетістікке жетуіңізге көмектеседі. Алғыс арқылы ішіңізде жақсылық жасауға дем беретін күшті табасыз. Сонымен бірге бақытты сезініп, түрлі жан дертіне қарсы бойыңызда иммунитет қалыптасады. Мұның ми қызметі мен иммунитет жүйесі жұмысының жақсаруына айрықша жағымды әсері бар. Бұл тұжырым ғалымдардың тәжірибесінің қорытындысы.

Калифорния университетінің философия және психология оқытушысы Роберт Эммонс және бір топ профессор осы тақырып төңірегінде зерттеулер жүргізеді. Алғыс білдірудің денсаулыққа пайдасын қарастырады. Зерттеуге қатысқан студенттер ішінде алғысын айтып жүретіндері өздерін бақытты сезінген. Әрі психикалық және физиологиялық денсаулығының тұрақты қалыпта екені байқалған. Олардың қоғамдық өмірде белсенді болатыны, ауруға төтеп беретін иммунитеті жоғары әрі ұйқылары да белгілі деңгейде тыныш екені анықталды.

Зерттеушілердің айтуынша, алғыс пен шүкіршілік кез-келген мәселені жеңуде үлкен күшке ие. Өйткені, жағымсыз сезім адам мен жетістік арасында тосқауыл және бөгет боп тұрады. Ол шынайылықты көрсетпей тұрған қабырға іспетті. Бұл қабырғаны құлата алмаған кісі жетістікке жету әрекетінен тартынып тұрады. Сондықтан «Алғыс білдіру» әдісін әдетке айналдырыңыз. Осы әдіс сіздің миыңызға «жақсылық жаса» деген бұйрықты жеткізеді. Ми жобалаушы қызметін атқарады. Ол әрбір іс-қимылды салыстырып, саралап, ең жақсы әрекетті орындауға ұсынады. Осылайша, ми «жұрттың алғысын алу керек» деген тапсырма жүктейді. Мұның ең жеңіл жолы – адамдарға жақсылық жасау.

Психолог мамандар: «Әр таңда рахмет айтуды әдетке айналдыр. Әуелі Құдайға шүкіршілік жаса. Сосын күн бойына қарым-қатынас барысында алғыс білдіріп, рахмет айта жүр. Нәтижесінде бірнеше күннен кейін бойыңда жетістікке жетуге деген ынта-жігер мен күш қалыптаса бастайды»,- дейді. Тағы да зерттеушілердің айтуынша, дәулетті тұлғалардың көпшілігі – байлыққа қол жеткізгеннен кейін де, жұрттың жақсылығына рахмет айтып, ілтипатын білдіргендер.

Енді «Алғыс айту адамның табысты болуына және жетістікке жетуіне қалай әсер етеді?» деген заңды сұрақ туындайды. Оның жауабы адам санасында жасырулы тұр. Адамның әрбір іс-қимылы мен сөзі ми қалыптастырған бағдарлама бойынша жүзеге асады. Ол бағдарламаны жасауда ми Сіздің күнделікті іс-әрекетіңізге, анығырағы, бірді-екілі жасаған ісіңізге емес, тұрақты әдетке айналған қимылыңызға сүйенеді.

Мысалмен түсіндірейік. Құран жаттайын деп, көп рет әрекет еттік. Бірақ, жаттау барысында бір ауырлық сезіледі. Сол сияқты бір жұмысты бастауға немесе спортпен айналысуға немесе мінезді қалыптастыруға деген талпыныс болады. Бір-екі рет әрекет етіп көреміз. Бірақ, әрекет талпыныстан ары аспайды. Аяқсыз қалады. Неге? Не себеп? Оның басты себебі: ми теріс пікірге толып қалған. Қате мағлұматтар қаптап кеткен, дұрыс шешім шығаруға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан ми бағдарламасын белсенді қалыпқа келтіру үшін қайта жүктеу керек.

Алғыс білдірудің ерекше тылсым күші бар. Рахмет айтуды тұрақты түрде әдетке айналдыру қажет. Жұртқа рахмет айтып, алғысын білдіретін өнертапқыштар жұмыс сапасы жоғарылап, жаңа дүниелерді ойлап тапқан. Осы кезде ми не істейді? «Құдайға шүкір, адамдарға рахмет деп, алғысыңызды көрсеткен сайын, ми жаңа ақпарат жинақтай бастайды. Әрі жұмысқа деген белсенділікті күшейте түседі. Сізге ми: «Жұрттың алғысына бөлену үшін өзің көрген жақсылықты жаса, оған сенің шамаң келеді» деген тапсырма береді. Бұл Сіздің белсенді жұмыс істеуіңізге септігін тигізеді.

Ал енді «жұрт жақсылықты білмейді, жақсылықты түсінбейді» деп ойлайтын адамның түпкі санасында «ешкімге, ешуақытта рахмет айтпау керек» деген мағлұмат бекітіледі. Нәтижесінде, ондай адамның жұмысқа деген ынтасы жоғалып, уақыт өте келе күйзеліске түседі.

Мұса ЕРБАТЫР

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2019-07-24
185

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:380858

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:219403

Әріптес сайттар
Jo-Lonn Dunbar Jersey