Бұл Әбу Һурайра (р.а.) әңгімелеп берген хадис. Алла елшісі (с.ғ.с.) бір күні сахабалармен отырған кезде, былай деді:

«Бұрынғы заманда бір кісі сиырын айдап келе жатып, оның үстіне жүк артып алады. Сонда сиырға тіл бітіп иесіне бұрылып қарап: «Мен бұл үшін жаратылған емеспін, мен егіндікке пайдалану үшін жаратылғанмын», - дейді. Пайғамбардың (с.ғ.с.) бұл сөзін естіген адамдар: «Субхана Алла! Ғажап, сиыр сөйлеуші ме еді?», - десті. Алла елшісі (с.ғ.с.) болса: «Бұған мен сенемін, Әбу Бәкір және Омар да сенеді», - деп жауап берді. Кейін тағы сөзін жалғастырып: «Баяғыда бір қойшы өрісте қой жайып жүргенде қасқыр шауып, бір қойын тартып қаша жөнеледі. Қойшы болса артынан қуып жүріп, амалын тауып қойын арашалап қалады. Қасқыр анадай жерге барып қайырылып тұрып: «Жыртқыштар қаптаған кезде (қиямет күні) менен басқа ешбір қойшы болмайтын күні оны кім құтқарады дейсің?», - дейді қойшыға». Бұл әңгімені естіген адамдар: «Субхана Алла!», - десті. Ал, Алла елшісі (с.ғ.с.) болса: «Мен бұған сенемін және Әбу Бәкір де, Омар да сенеді», - деп жауап береді.

Міне, бұл хадис Бұхариде де, Муслимде де риуаят етілген. Әрине, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқан сөздері ақиқат. Алайда, ол ақиқатқа біз куә болмағандықтан және ақылымыз қорыта алмағандықтан ғана, оны жоққа шығара алмаймыз. Құран Кәрімде: «...Оны мақтап, пәк деп дәріптемейтін ешбір нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың дәріптеулерін түсінбейсіңдер...[1]», - деп баяндағанындай, мына жалғандағы әрбір жаратылыстың өзіне тән тілдесу жолы бар. Бүгінгі таңда ғылым әр жануардың, құстардың өздерінің белгілі толқында сөйлесе алатынын айтуда. Мәселен, құмырсқа, бал араларының тілдесуін ғалымдар енді-енді танып біліп жатыр.

Хадистегі келесі мәселе - пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл сөздерін айтып отырған уақытта сахабалар ортасында ажырамас достары Әбу Бәкір мен Омар жоқ еді. Алайда, пайғамбарымыздың олар бұл сөзді естісе, ешбір мүдірмей кәміл сенеді деуі олардың Алла елшісі құзырындағы мәртебесін көрсетеді. Олай болса, бұл хадис аталмыш екі елағасы болған сахабаның қасиетін айрықша айшықтауда. Тағы бір мәселе, Алланың достары, яғни әулиелерге Алла тарапынан керемет берілетіндігін аңғартады. Әйтпесе, адам баласы жануардың тілін қалай түсінбек. Осы мағыналас хадистер Ислам тәлімінің әлі де болса зерттелмеген тақырыптары ұшаң-теңіз екенін аңғартады. Ал, ғылымның кенже дамып келе жатқаны соншалықты, Құран және хадистегі кейбір мәтіндерді ертегі деп қабылдай алмай жатады.

Ибраһим МҰСТАФА,

арнайы nurgasyr.kz үшін

 


[1] Исра сүресі, 44-аят

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-07-26
419

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:371094

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:210093

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:44116

Әріптес сайттар