Мешітте имам жамағатқа кешкі уағыз айтып отырған. Бұл жолғы уағыз адам баласы қалай жан тапсырады деген тақырыптың аясында екен. Басқаша айтқанда жақсы өлім мен жаман өлім хақында еді. Уағыздан соң жамағаттың ішінен бір жас жігіт имамның жанына келіп, өзінің басынан өткен бір оқиғасымен бөліскісі келді. Ол оның марқұм атасы жайлы әңгіме болатын.

Жігіт: «Атам Құран жаттаған ұстаз еді. Өмір бойы жұртқа дәріс берумен болды. Қартайған шағында бір дертке шалдықты. Атам бала-шағасын танымайтын күйге түсті. Тіпті, ұл-қыздарының да, немерелерінің де атын білмейді. Бірақ толықтай есін жоғалтса да, Құранды ұмытқан жоқ. Бірде-бір аятын ұмытпады. Өзімен-өзі отырғанда күмбірлеп Құран оқитын.

Бір күні, сәресі уақыты болуы керек, атам: «Әй, пәленше!» - деп, әкемді шақырды. Ұйқылы-ояу әкем атамның бөлмесіне кіріп барып: «Ау, әке, не қалайсыз?» - деп еді, атам екі көзі бөлменің бұрышында: «Әй, пәленше! Анау сәлде киген ақ киімді екі жігітті көріп тұрсың ба?» - деді. Әкем болса: «Жоқ, еш нәрсе көріп тұрғаным жоқ» - деді. Сонда марқұм атам «Сен бұдан қаперсіздікте едің, Біз сенен пердені аштық, енді бүгін сенің көзің өткір[1]» деген аятты оқыды. Атамның бұл пәнидегі дәм-тұзы біткен еді. Мұнан кейін атам кәлимасын айтып жан тапсырды», - деп әлгі жігіт әңгімесін аяқтады. Кейін қайта сөзін жалғап: «Өмірін Құран ұстаздығына арнаған адамның ажалы осындай болады деп ойламаппын», - деп өзегін өртеген өкінішін жеткізді.

Сонда имам жігітке күлімсіреп: «Бауырым, бұл – үлкен бақыт. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Мүмин пенде дүниеден ажырап, ақыретке бет алған кезде оған аспаннан жүзі аппақ періштелер түседі. Олардың дидары бейне бір күн іспетті. Олар жәннаттан кебін алып және жәннаттан хош иісті су алып келеді де, көз тастам жерге келіп отырады...[2]», - деген сүйінші хабары бар. Сенің атаң Құран жолымен жүрген ізгілерге бұйырған жақсылығымен қауышты», - деді.

Жігіт имамның айтқан уағызын тыңдап отырып, өз атасының қаншалықты бақытты ғұмыр кешкенін түсінді. Ол өмірін Құран үйретуге арнаған жан еді. Құдайдың сынағымен бірнеше жыл есін жоғалтып қойғанымен, жүрегіне нақышталған Құранын тілімен ешбір қатесіз оқып жүрді. Соңғы демінде де Құран оқып бақилыққа аттанды.

Адам баласының жүрегі – мөлдір таза шыны іспетті. Таза шыны мөлдір болғандықтан, оның түсі ішіндегі затқа тікелей байланысты. Сүттей ақ зат құйса, шыны аппақ, ал көмірдей қара затпен толтырса, қара түсті болады. Сондықтан, адамның соңғы демі қандай болатыны оның қалай өмір сүргеніне байланысты. Көз жұмар шағында, тіршілігінде немен көп айналысса, тіліне де сол сөздер түседі. Алланың ризашылығын емес, адамның қошеметін қалап тұратын жүректен «лә иләһә иллә Алла» деп калима сөзі шығуы екі талай.

Мұса ЕРБАТЫР,

арнайы nurgasyr.kz үшін

 


[1]Қоф сүресі, 22-аят

[2]Бұхари, Муслим

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-04-09
221

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:369852

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:209095

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:41957

Әріптес сайттар