Ислам тәлімі мен тағылымының мақсаты – адам баласының Жаратушысымен қарым-қатынасын жүйелеу. Басқаша сөзбен айтқанда, пендеге иман мен құлшылық мәселесін үйрету. Бұл жүйе адамды жер бетінде бақытты сезініп өмір сүруіне және ақыретте де жәннатқа кіруіне септігі тиюге бағытталған. Сонымен бірге, Ислам қоғамдағы адамдар ара-қатынасын да реттейді. Яғни, Ислам – тек қана құлшылық етуді ғана емес, қалай өмір сүру керектігін үйрететін иләһи заң.

Соның бірегей мысалы ретінде, Әнас бин Малик (Аллаоған разы болсын) риуаят еткен хадисті айтуға болады. Ардақты пайғамбарымыз (): «Сендердің ешқайсысың өзіне жақсы көргенді бауырына құп көрмейінше (кәміл) иманды болмайсыңдар[1]»,-деген екен.

Міне, бұл қоғамды түзейтін қағида. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы темірқазығы. Хадисте қоғамның басты қағидаттарын қалыптастыратын ереже жайлы айтылуда. Ол «нені өзіңе құп көрсең, басқаға да соны ұсын» деген ереже.

Әрбір адам басқа кісінің мүддесін жеке мәселесіндей қорғап әрекет етпейінше, ізгі қоғам қалыптаспайды. Базарда сатушы бала-шағасының дастарқанына қоятын көкөніс пен жемісті сатып алушыға ұсынбайынша, құрылысшы үйді өз отбасы өмір сүретіндей етіп тұрғызбайынша қоғам дамымайды. Керісінше, қоғамда алаяқтық пен әділетсіздік белең алады. Соның салдарынан сенімсіздік қалыпты жағдайға айналады. Сондықтан, әр кәсіп иесі жұмысы мен өнімін өзі және бала-шағасы тұтынатындай дәрежеде жоғары сапалы етіп жасауға міндетті. Сапалы тұрғын үй, сапалы тауар һәм сапалы қызмет. Бұл – арман емес. Әрі бұл «таңдаулылар» ғана қол жеткізетін сән-салтанат емес. Мұның барлығы сіз бен біздің қолымызда. Бар-жоғы жоғарыдағы хадиске амал ету керек.

Ендігі мәселе, қоғамдық орындағы қарым-қатынас мәселесі. Сізге басқалардың қалай мәміле жасағанын қалайсыз? Қоғамдық жерде және ұжымда сізге дөрекілік пен әділетсіздік жасаса көндігесіз бе? Олай болса, жұрттан қандай мәміле күтсеңіз, сол деңгейде сыпайы, мейірімді және ұстамды болуыңыз қажет. Қарапайым әңгіме барысында жақсы сөзіңізбен бірге жүзіңізден жақсылықтың нышаны байқалып тұрсын. Жақсы сөзді суық өңмен айтқаннан не пайда? Дүкенде немесе қоғамдық көлікте айтылған бір ауыз дөрекі сөз адамның бір күндік көңіл-күйін бұзады. Одан кейінгі салдары, басшы қызметкеріне дауыс көтерсе, оған өшіккен екіншісі бар ашуын баласын алады дегендей, айтпаса да түсінікті. Міне сондықтан, кісіге жақсылық тек тілектестік ниетпен шектелу емес. Ендеше, бұл хадистің бет жағын емес, терең мағынасына үңіліп қараңыз. Кемел иманға қол жеткізгіңіз келсе, адамдармен ең жоғары деңгейде қарым-қатынас жасауды үйреніңіз. Жылу қаласаңыз, жылулық сыйлай біліңіз.

Құран Кәрімде: «Ақиқатында, мен мұсылмандар қатарынанмын!» деп, Аллаға шақыра отырып ізгі іс істеген кісіден сөз тұрғысынан жақсы кім бола алады?[2]» - деген аят бар. Бұдан бауырыңызға деген жақсылық оны имандылыққа шақырумен де байланысты екенін білуге болады. Адамдардың имандылық жайлы білуіне ықпал етіңіз. Абдулла бин Аббас (Алла оған разы болсын): «Мен Алланың кітабындағы әрбір аятты оқып отырған кезімде, адамдардың барлығы мен білгенді білсе екен деп қалап отырамын», - дейді екен.

Хадистен түйетін тағы бір мәселе – адам өзі үшін құп көрмегенді, мұсылман бауырына да қаламауы тиіс. Міне, бұл өз ретінде кісі бойындағы кекшілдік, көреалмаушылық, адам баласын жеккөру, менмендік, дөрекілік сияқты ең жаман да жағымсыз, адамдардың арасын суытып, алшақтатын жіберетін мінездерден арылуға септігін тигізеді.

Демек, хадистің айтпағы жүректегі кемел иман мен берік сенімнің басты көрсеткіші ретінде адам өзіне нені қалап жақсы көрсе, басқаға да соны құп екенін білуі керектігі. Бір сәт ойлап қараңыз, аталмыш хадис қоғамның негізгі ұстанымына айналса, өміріміз қаншалықты жақсара түсер еді..? Расында, бұл - қоғамды түзейтін қағида.

Мұса ЕРБАТЫР,

арнайы nurgasyr.kz үшін

 


[1] Бұхари, Муслим

[2] Фуссилат сүресі, 33-аят

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-03-20
153

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:370149

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:209298

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:42978

Әріптес сайттар