Бірде немересі атасымен әңгімелесіп отырып, тосыннан мынадай сұрақ қояды:

-       Ата, адам өмірінің ұзақтығы қанша уақыт?

Немересінің салмақты сауалына сүйсінген қария:

-       Адам өмірі азан мен намаз арасындай, қарағым, - деп жауап қатады. Сөздің мәнісін түсіне қоймаған бала тағы да сауал үстіне сауал қосып:

-         Бұл қалай, ата? Адам өмірі осыншалықты қысқа болғаны ма?

-          Иә, балам. Адам баласының өмірі намазсыз азан мен азансыз намаз аралығына сыйып кетеді.

Балақай одан бетер таңырқап:

-         Намазы жоқ азан, азаны айтылмайтын намаз болушы ма еді, ата?

-         Тыңдашы, балам, - дейді атасы көздері шарасынан шыға жаздап, жауап іздеген немересіне жымия қарап. – Есіңде ме, өткенде көршіміз сәбилі болып, менен оның құлағына азан шақыруымды өтінген еді? Сен мектептен келісімен екеуміз бірге барғанбыз. Міне, дәл сол азаннан кейін намаз оқылмады. Оған өзің де куә болдың емес пе?!

-          Расымен де, ата, солай екен.

Балақайдың әлгіндегі аптығы басылып, ойланып қалды. Атасы сөзін жалғастырып:

-         Бірер ай бұрын нағашы ағаң бақиға аттанғанда, бәріміз сапқа тұрып, оған жаназа намазын оқыдық.

-       –  Иә, ата, бәрі анық есімде. Апам мен анам көңілдері босап, қатты жылаған еді...

-         Ее, балам, байқаған болсаң, сол намазға ешкім азан шақырмады. Себебі, бұл азан әлдеқашан айтылып қойған. Марқұм ағаң алғаш дүние есігін ашып, өмірге келген сәтте оның құлағына азан шақырылып, есімі қойылған. Әлгі көршіміздің баласы секілді. Міне, балам, адам өмірі азан мен намаз арасындай деген сөздің мәнісі осы. Қас қағым сәтте өмір өтеді де шығады. Ендеше, уақытыңды үнемдеп жұмсап, оның қадірін біл! Бір минутыңның да зая кетпеуін қадағала. Өйткені, адам баласы бар болғаны азан мен намаз арасындай қысқа уақыт қана өмір сүреді.

Орыс тілінен аударған: Диляром Бектаева,

облыстық орталық «Нұр Ғасыр»

мешітінің ұстазы

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-01-31
562

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:368444

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:207892

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:39437

Әріптес сайттар